Басты жаңалықтар
Қазақстандық футболшы тегін қазақша атағандарға ренжіді
- автор kyn.kz
- 10 қаңтар, 2019
- 430
Ұлан Қонысбаев бір жыл ауыр жарақатын емдеп, енді ғана алаңға оралған еді
Қазақстандық спортшы Ұлан Қонысбаевтың тегніе қазақшалаған шақыру билетіне өкпелегені жайлы KYN.KZ сайты prosports.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Ұлан Қонысбаев деген футболшы бар. 2016 жылы ауыр жарақат алып, жасыл алаңға былтыр ғана оралды. Негізі тәп-тәуір ойыншы. Жақында сол футболшы өзінің Instagram stories-ында сурет жариялады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен салтанатты іс-шараға футболшыны шақырған екен.
Ұланның өкінішіне орай арнайы шақыру билетіне оның фамилиясы Қонысбай болып жазылып кеткен. Ал өз тегінің Қонысбаев болып жазылғанын мақтан көретін біздің жігіт ұйымдастырушыларға "Қонысбай" деп жазу қате екенін ескертіпті.
Шақыру билеті ресми құжат емес. Оның үстіне «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтіп жатқан жиналыс. Демек Ұлан Қонысбаев дегенді Ұлан Қонысбай деп жазудың еш оғаштығы жоқ.
Оған бола сый-құрметім түсіп кетті деп санаса футболшының ой-деңгейінің дәрежесі осы деген сөз. Айтпақшы, неге бұлай жазғанын футболшының өзінен сұрадық. Алайда жоғарыда айтқанымыздай, өздерін өте мәртебелі санайтын қазақстандық футболшылар ешқашан сұраққа жауап берген емес.
Есімін қазақшалаудан ат-тонын ала қашқан футболшы жалғыз Ұлан емес. «Астана» командасының жартылай қорғаушысы Серікжан Мужиков деген жігіт бар. Байқап отырғандарыңыздай тегі Мужиков деп жазылып тұр. Ал бұны футболшының өзі арнайы талап еткен. "Барлық БАҚ өкілдері тегімді «Мұжықов» емес «Мужиков» деп жазсаңыздар екен" деп сұхбат берген осыдан екі-үш жыл бұрын. Сөйтіп Серікжан орыстың «мужик» деген сөзі үшін атасының атын ауыстыра салған.
Сөз соңында бразилиялық атақты футболшы Роналдоның отаншылдығы жайлы айта кетейік. Әлем футболының аңызына айналған «қасқа тіс» Бразилия құрамасымен бірге екі мәрте әлем чемпионы атанған.
2002 жылғы әлем чемпионатында топ жарған соң Роналдо журналисттерге берген бір сұхбатында: «Мен енді Бразилияға қарыз емеспін» деген көрінеді. Қарапайым футболшы болса да Отан алдында өтейтін борышы бар екенін осылай сезіну керек. Бірақ, есімін ана тілінде жазудан намыстанып жүрген біздің футболшылардан бұндай ерлік күтудің өзі күлкілі. автор: Қуаныш Қаппас