Қазақстандық футболшы тегін қазақша атағандарға ренжіді
Ұлан Қонысбаев бір жыл ауыр жарақатын емдеп, енді ғана алаңға оралған еді
Қазақстандық спортшы Ұлан Қонысбаевтың тегніе қазақшалаған шақыру билетіне өкпелегені жайлы KYN.KZ сайты prosports.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Ұлан Қонысбаев деген футболшы бар. 2016 жылы ауыр жарақат алып, жасыл алаңға былтыр ғана оралды. Негізі тәп-тәуір ойыншы. Жақында сол футболшы өзінің Instagram stories-ында сурет жариялады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен салтанатты іс-шараға футболшыны шақырған екен. Ұланның өкінішіне орай арнайы шақыру билетіне оның фамилиясы Қонысбай болып жазылып кеткен. Ал өз тегінің Қонысбаев болып жазылғанын мақтан көретін біздің жігіт ұйымдастырушыларға "Қонысбай" деп жазу қате екенін ескертіпті.