Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тыңдармандары сахнада ән салып тұрған Еркені қолынан тартып құлата жаздады (видео)

Тыңдармандары  сахнада ән салып тұрған Еркені қолынан тартып құлата жаздады (видео)
ашық дереккөз
Ерке: Нәзіек қолымды жұлып ала жаздады
Танымал әнші Ерке Есмахан Палодарлық мектеп бітірушілердің кешінде ән саламын деп, елдің көзінше құлап қала жаздағанын жазды. Оның айтуынша ән салып тұрып, қолын созған түлектерге өзі де қолын берген. Олар әншінің қолын жібермей қойған. Ерке сол аралықта барша халықтың көзінше құлап қаламын ба деп қорқып кеткен.
"Ораза Айт қабыл болсын, ардақты ағайын! Бар ақ ниет-тілегіміз қабыл болсын! Маусымның басы дегеніміз -мектеп бітіруші түлектер үшін үлкен өмірге қанат қағу деген сөз. Әр талапкерге сәт сапар тілеймін! Мақсатқа жетіңіздер, жігерлі жастар! Павлодардың ашық аспаны астында терлеп, шыбын-шіркей, масалармен бірігіп ән шырқап тұрған кезім ғой.Болашақ студенттер "Қайданы" сұрап, саxнаға көтеріліп, бәріміз бірігіп шырқадық. Таңертеңнен бері шаштарын әсемдеп, беттерін әрлеген қыздар бірі-бірінен өткен сондай сұлу!!! Жігіттердің білегінің күштілігін-ай, мені былай тартып, былай тартып ұшырып жібере жаздады. Өзім үзілейін деп тұрған арық қызбын ғой... Кімнің үйінде жас түлек бар?",-деп жазды Ерке Есмахан
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар