Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тамара Асар басынан өткен қиын күндерді баяндаймын деп тыңдарманынан сөз естіді

Тамара Асар басынан өткен қиын күндерді баяндаймын деп тыңдарманынан сөз естіді
ашық дереккөз
Әнші: Әрине өзіңіз білесіз, бірақ мен ешкімнің аяушылығын тудыруды көздегенім жоқ
Танымал әнші Тамара Асар  жол көлік оқиғасының кесірінен бір аяғынан айырылып, одан кейін қайтадан дүние есігін ашқандай жаңа өмір бастағаны жайлы айтқан еді. Әнші көпшілікке қандай қиындық болмасын қайсарлық пен өмірге деген махаббатың арқасында бақытты болуға болады дегенді түсіндіруге тырысады. Бірақ Тамара ханымның ойына қарсы пікірдегі көрермені әншіні ренжітіп алған сыңайлы.
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Менің жүрген жолдарыммен сіз жүріп көрсеңіз, сынақтармен сіз сыналып көрсеңіз,мүмкін сынып кетерсіз,мүмкін мен сияқты арман-мұратқа жетерсіз???!!!... Шіркін кім біледі... (ойлы оқырманның арасынан, осындай қисынсыз қисық ойлы комменттермен бөлісіп отырайын, ән өнеріне жақын екен бұл кісі, мүмкін подписчик жинауға көмегім тиіп қалар) ПЕНДЕМІЗ ҒОЙ... @roza74zhan

Публикация от Тамара Асар (@tamara_assar_official)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Өзге  емес , өзім айтам өз жайымда... Бүгінгі концертте саxнаның еденіне конфети шашылып, оған туфлиімнің тақасы мұзға тайғандай сырғып тайып кетіп, құлап барып, отырып қалдым... Өзім тұрып кетейін десем,аяғым қайырылып ауырып бара жатыр, оқыс қозғалыс жасасам, аяқты зақымдайтынымды біліп тұрмын.Салмағымның жеңілдігімен, қимыл қозғалыс биге жақындығым құтқарды. Оң аяғым шпагатқа қарай кетіп бара жатыр,тепе-теңдікті оң жаққа қарай әрең ауыстырдым да, тренерімнің үйреткен құлау кезіндегі қарсылық заңдарын, лезде денені игеруге тырысып, қорқынышты Халық деген құдіреттің көзінен ұялғаннан жоюға тырысып, вестибулярный аппаратттың барлық реакциясы мен әйелдік қылықты қоса отырып, көрермен болып отырған джентельмендерге жымиып,қолымды соза беріппін... Ардақ сасқаннан шошып, үлгермей қалды, сөйтсем Азаматтың Төресі, Өнердегі ӨрЕстім Мейрамбегім досым көзі шарасынан шығып кеткен, саxнаға қарғып мініп, қанатын қарсы жайып төніп келіп,қолтығымнан демеп,орнымнан тұрғызғаннан кейін бетімнен сүйіп жатыр. Халқым қолдары жетпесе де, дуылдатып овациямен көтеріп жатты... Раxмет МегаБегім саған!!! Қатты қорқып кеттім,жылағым келіп кетті, бірақ өзімді қатты ұстауға тырыстым... Көрерменімнен кешірім өтінемін🙏🙏 Біреу-міреу сыртымнан айтқаннан өзім сіздерге жазып отырмын...🙏🙏

Публикация от Тамара Асар (@tamara_assar_official)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

"Қазақта жыламаған балаға емшек жоқ"-деген сөз бар ғой. Мен өзім іштей "тәкәппар" шығармын жағдайымды айтып,жылап не сұрап көрмеппін. Аяғымды қайта басып саxнаға шыққан кезде 22 жаста едім. Қып-қызыл юбканың астына ісіктен жуандаған жаралы аяқтан қан сорғалап тұрса да ән айтып, жымиып төмен қарап тұрған кезімді ешқашан ұмытпаушы едім. Жақында аяғым қайта қатты ауырып саxнаға мені Ғаділбек сүйеп шыққанда сол баяғы сәтті жақсылап еске түсірдім. Көздің көрінбейтін жасымен жотадан ауырғанды жеңуге жанталасқан жанның тері сорғалады. Саxнаның шеті мен центрінің арасы 5 ақ метр жер маған 5 шақырымдай алыс болды. Одан кейін достарыма уәде беріп қойып едім, барамын деп сол тойға бардым, келінді алып шыққанда ертіп жүруші едім,ол жолы келінге сүйеніп жүрдім, зал мұнша үлкен болар ма еді, әнде ұзақ сияқты болды, залдың шетіде жеткізбеді. Иін тірескен Халық жапа тармағай жабысып, суретке түсіп жатыр, бірдеңе деуге шамам бар ма? Итеріп жіберсем, "мінез көрсетті өзінше екен"-боламын, құлап қалсам "Мас" атануым мүмкін, жұлқынсам, өзімді жұлып жіберуі мүмкін "неде болса, тағы да жәй жымиып" шыдауға тура келді. Уа шіркін Жаратқаным, Жасағаным "Ауырдымға салып,уәделі жерге бармай қалып, бәрін өзіңнен көріп жататұғын жалқаулықты бермепсің маған" Мендегі не деген жанталас, не деген өмірге деген құштарлық, әлде ашыққандық па?-деп тағы да өз-өзіммен ішкі сөйлесуге кіріп кеттім... (тағы да псиxологиялық сигнал) #ТОМИШИМАЙ✍️ (Фотода сол сәт...) 👇🏼👇🏼✍️✍️

Публикация от Тамара Асар (@tamara_assar_official)

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар