Тамара Асар басынан өткен қиын күндерді баяндаймын деп тыңдарманынан сөз естіді
Әнші: Әрине өзіңіз білесіз, бірақ мен ешкімнің аяушылығын тудыруды көздегенім жоқ
Танымал әнші Тамара Асар жол көлік оқиғасының кесірінен бір аяғынан айырылып, одан кейін қайтадан дүние есігін ашқандай жаңа өмір бастағаны жайлы айтқан еді. Әнші көпшілікке қандай қиындық болмасын қайсарлық пен өмірге деген махаббатың арқасында бақытты болуға болады дегенді түсіндіруге тырысады. Бірақ Тамара ханымның ойына қарсы пікірдегі көрермені әншіні ренжітіп алған сыңайлы.