Басты жаңалықтар
2019 жылдан бастап Қазақстанда пойыз билетін қайтарған кезде айыппұл төлемеудің жолы бар
- автор kyn.kz
- 14 қаңтар, 2019
- 195
Алайда бұл ереже бағасы 3500 теңгеден аспайтын билеттерге ғана қатысты.
15 қаңтар бастап Қазақстанда құны 3500 теңгеге дейінгі пойыз билетін қайтарғаны үшін тұрғындар 1000 теңге мөлшерінде айыппұл төлемейді, деп жазды KYN.KZ.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, осы жылдың 15 қаңтарынан бастап пойыз билетін қайтарғаны үшін 1000 теңге мөлшерінде айыппұл салынбайды. Алайда бұл ереже бағасы 3500 теңгеден аспайтын билеттерге ғана қатысты. Ал 3500 теңгеден асатын билетті қайтарған кезде комиссиялық алым сол күйі қалады.
Аталған шешім жолаушылар тарапынан түскен өтініштерден кейін қабылданған.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ осылайша билеттерді заңсыз қайта сататындармен күреспек.