Халықтың жүрегін жаулап үлгерген Абай Бегейдің қызы әкесінің әндерін тыңдамайтынын айтты
Абай Бегей: Қызыма барынша жанды дауыста сапалы ән орындатуға күш саламын.
Танымал әнші Абай Бегей баснда қызының әнші болғысы келетін ниетін білгенімен бірнеше уақыт оны өнерге жолатпауға тырысып жүрген. Себебін, сахына, әншілік жолы ауыр деген Абай мырза соңында қызы Сымбаттың ерекше дауысын қолдан тұншықтыруға обалсынған. Расында бүгінде екі өлең орындаған оқушы сымбат көпшілікті өзінің ерекше дауысымен баурап алды деп айтуға болады. Бір қызығы әнші қызын тойға шығармауға, тек жанды дауыста концерттерде ән салуға рұқсат етіпті. "Қазірдің өзінде Сымбатты көптеген конкурстар мен концерттерге шақыру алып жатырмыз. Болашақта тек сапалы әндер жаздыруға тырысамын. бір үйден бір той әншісі болса жететін шығар. Сымбаттың репертуарында тек сапалы дүниелерді іріктейміз деп отырмыз. Әрине туыстар тойларына шақырып жатса ән орындауы мүмкін. бірақ той үшін арнайы әндер жаздырып, сол бағытты ұстанбаймыз",-дейді Абай Бегей. Ал әншінің қызы болса әкесінің әндерін білмейтін болып шықты. "Әкемнің орындауындағы барлық әндерді білмеймін. "Аймүсін" мен "Бағалым" деген әндерін тыңдаймын",-дейді жас әнші Сымбат Абайқызы.