Басты жаңалықтар
Шырын Нырчаева: Шындап келгенде мен тіпті пәк қызбын, алдымен ненің ұят екенін біліп алыңыздар
- автор kyn.kz
- 14 қаңтар, 2019
- 1.3k
Сәукелемен жалаңаш суретке түсіп елді шошытқан қыз бұл жолы халықты өз оларымен қайран қалдырды.
Желіде жалаңаш денесіне қазақы нақыштағы бұйымдарды тағынып, сәукеле киіп түскен суретін таратып, танылған Шырын Нырчаева ел күтпеген ойларын айтып, қарапайым халықты қайран қалдырды.
Небәрі 18 жастағы қыз өзінің Таразда туғанын, таза қазақ әрі Бестерек руынан екенін КТК арнасындағы "Астарлы ақиқат" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды KYN.KZ. "Неге мені осы халық "қазақ емес,қазақтың сәукелесін қорлаған ұятсыз" деп шорт кесіп айтатындарын түсінбеймін. Алдымен "Ұят" сөзінің мағынасын біліп алайық.
Мықты болсаңыздар өнермен айналысып жүрген шығармашылықтың адамы, не бәрі 18 жастағы менімен ұрыспай, жемқор шенеуніктерге, абала шағасын далаға қалдырып жатқан тәрбие көрмеген ата-аналарға,
елдің экономикасын құлдыратып жатқан биліктегілерге, халықтың ақшасын қара басына пайдаланып жүрген шенділерге барып осы ісің "Ұят" деп айтыңыздар. Айта алмай баламен ұрысып отырған мына сіздердің яғни желі қолданушылар мен асханадағы әңгімеден шыға алмай қалған үлкендердің осы ісі ұят",- дейді Шынар.
Көпшілік жас қыздың осы сөзінің расында ақиқат екенін айтқанымен оған "әдепсіз, осындай ойларыңды мәдениетсіз жолмен жеткізгенің дұрыс емес" деп айып тақты. Бірақ, бұл сынға да Шынардың өз жауабы дайын болды.
Мен өте мәдениетті тәрбиелі адаммын. Сіз бір видео немесе бір фотомен мен жайлы сынап пікір айтып өзіңізді сондай жақсы сезініп отырсаңыз, сіздің мәдениеттілігіңізге менің де күмәнім бар.
Мені анам жақсы көреді. Отбасында бесеуміз. Үйдің тұңғышымын. Бір жарым жыл болды әкем өмірден өтіп кетті. Барлық туысым менің желідегі образыма түсіністікпен, сыйластықпен қарайды.
Мен қоғамдағы шындықты жеткізуде өзгелерден ерекшеленуге тырыстым. Ойым жүзеге асты. Расында мені бәрі байқады. Мені тәртіпсіз дейтіндей дәнеңе жоқ. Мен туыстарымды, анамды, бауырларымды өте жақсы көремін, қамқормын.
Темекі, спиртті ішімдік сынды жаман әдеттерге әуес емеспін. Көшеде жігітпен сүйісіп, немесе жүкті болып түсік тастатып жүргенім жоқ. керек десеңіздер пәкпін. Менің мақсатым болашақ жарыма пәк күйінде тұрмысқа шығу. Ал осы жағдайлар адамның арлы, намысты, мәдениетті екенін білдірмейді ма?",-деді Шырын.
Көпшілік оның қазақ тілінде сөйлемегеніне тиіскен кезде Шырын жастардың осы күнге дейін қазақша сөйлеуіне ықпал ете алмаған ересектерді айыптады.
"Мен қазақша өте жақсы түсінемін. Сөйлей де аламын. Тек ойымды орысша жеткізу жеңіл. Себебі орыс сыныбында оқыдым. Одан қалса қазақша не дұрыс кітап жоқ, не дұрыс кино жоқ, не сапалы музыка жоқ. Мойындайсыздар ғой? Әлем мойындаған қайсы кітап қазақшаға аударылған? Немесе қазақтың қай кітабы әлем халқын мойындатты? Мен әлемдік дәрежедегі сапалы дүниелерге талғаммен қарайтын жанмын. Қазақша сондай сапалы зат көрмесем, оқи алмасам, тыңдай алмасам менің кінәм нешік?",-деп ашуланды Шырын Нырчаева.