Жазира Байырбекова сахнаға шықпай жүргенінің себебін түсіндірді
Ол кейде үлкен сахналарды сағынады
Отандық әнші өзінің тойға тапсырысы көп екендігін айтып, кейде үлкен сахналарды да сағынатынын жасырмады деп хабарлайды KYN.KZ Жазираның айтуынша бүгінде Алматы мен Астанада болып жатқан концерттерге тойға тапсырыстары үшін қатыса алмай жүр. Айтуынша той иелері 4-5-6 ай бұрын күнтізбелерін толтырып қояды. «Алматы мен Астанада болып жатқан концерттерге көп бара алмай жүрміз. Шынымды айтсам 4-5-6 ай бұрын күнтізбемізді той иелері толтырып қояды. Халықтың сұранысына болғанымызға қуанамыз.Аллаға шүкір! Раxмет сіздерге! Сонда да кейде жарық қойылған,безендірілген,xалық шоғырланған әдемі,үлкен саxналарды да аңсайды екенсің... #бірақ тойда да xалық бар ғой ия?!» - деп жазды әнші.