Басты жаңалықтар

Айгүл Иманбаева өзіне аман- есен босануды тілеген халыққа алғысын айтты

Табынушылары әншіден жүктіліктің нешінші айында екенін сұрап мазасын алуда.

Танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева ыстық жақтағы демалыста түскен суреттерін желіге жүктеймін деп көптеген сұрақтың астында қалды, деп жазды KYN.KZ.  Көпшілік толықси түскен актрисаның жүкті екенін болжаған. Әнші болса өз пікірін қалдырып, қалың халықты одан әрі елдің пікіріне иландыра түсті. "Толып кеттіңіз бе әлде аяғыңыз ауыр ма?", "Қырық жасқа келгенде қайдағы бала? Жай семіріп алған шығар", "Ұлыңызға бауыр болатын бала босанып алсаңыз оның түк ұяты жоқ. Ешкімнің де сіздің өміріңізге араласуға, сынап көңіліңізді алаңдатуға құқығы жоқ. Қалағаныңызша өмір сүріңіз", "Аман- есен босанып алыңыз",- деген сынды пікірлер көптеп жазылған. Тура осы босану жеңіл болсын деген мағынадағы пікірге әнші жауап қайтарып, "Әумин" деп жазған. Бұл әдеттегідей актрисаның өзі жайлы ел арасында талқылануын қалап әдейі жазған жауабы болуы әбден мүмкін. бірақ Иманбаева жүкті екенін растамаған.