Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

13-тегі қызын мүгедек күйге түскенше сабап, жезөкшелікке салған әйел сотталып жатыр

13-тегі қызын мүгедек күйге түскенше сабап, жезөкшелікке салған әйел сотталып жатыр
ашық дереккөз
Алматы тұрғыны тумасынан ауру қызын азаптағаны сонша қазір оның бетіне пластикалық ота қажет.
Алматыда өз қызын қорлап жезөкшелікке салып, мүгедек күйге түсірген әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп жазды Еуразия арнасының жаңалықтар қызметі. Адвокат Инна Лесничконың сотқа берген шағымы бойынша қыздың анасы “Адам денсаулығына қасақана зиян келтіру”, “Кәмілетке жасына толмаған баланы   денсаулығына жоспарлы түрде зиян келтіру”, “Ата-ана міндетін дұрыс орындамау” баптары бойынша жауап береді. Бірнеше уақыт бұрын БАҚ арқылы халыққа тараған мәселеге қоғам белсенділері араласып, тергеушілер қыздың расымен зәбір көргенін анықтаған. Әйел қыз баланы темір-терсекпен ұрып, үйде қамап ұстаған. Қазір жәбірленушінің қорлық көргені сонша бетіне пластикалық ота қажет. Тумасынан сал ауруына шалдыққан қызды әжесі балдақпен ұрып, дертін асқындырып жіберген еді. Ауруханаға түсіп емделіп шыққан қызды осы оқиғадан кейін түрмеден шыққан анасы өз қамқорлығына алады. Артынша әжесі Ресейге көшіп кеткен. Туған анасы науқас қызын үйде қамап ұстап жұртқа оны Ресейге кетті деген. Туған анасының көрсеткен қорлығының кесірінен қыздың мұрны сынып, еріні түгелдей кесіліп, құлағының жартысы жоқ. Бұдан бөлек денесінде ондаған тыртық іздері бар. Қыздың осындай халде өмір сүріп жатқанын көріп қалған Қапшағай тұрғыны  Надежда Барсукова оны бірден асырап алуға шешім қабылдапты. Қыз қазір туған анасына кеткісі келмейтінін айтқан. Дәрігерлер мен психологтар оны тексеру барысында жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүр болғанын анықтаған. Әбі қыз өзін анасы қалай азаптағанын да айтып берген.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар