Бірақ судьяның айтуынша, заңнамаға сәйкес шегеру мерзімі аяқталған кезде сот оның жазасын жеңілдетуі де, болмаса осылай қалдыруы да мүмкін.
Айта кетейік, жантүршігерлік оқиға өткен жылдың көктемінде орын алған. Астана тұрғыны сүйіктісін қызғанып, оның жыныс мүшесін кесіп алған еді.
Онда келтірілген мәліметтерге сәйкес, 1981 жылғы қыз 21 қаңтар күні өз үйінде жігітімен бірге болған.
Сол уақытта ол жанындағы азаматтың телефонынан әпкесіне жазған SMS хаттарын көріп қояды. Онда сүйіктісі туысына өзге қыздардың суретін жіберіп, оларды мақтаған екен. Хаттарды көрген арудың қызғанышы оянып, күдікті ойлар туа бастайды.
Ол жігітіне ұйықтататын дәрі беріп, жыныс мүшесін кесіп тастайды. Содан соң сүйіктісін киіндіріп алып, өз көлігімен ауруханаға алып барыпты. Дәл осы №2 ауруханада тәртіп сақшылары қызғаншақ аруды қамауға алған.