Басты жаңалықтар

Өскеменде туыстары сабыла іздеген оқушы түні бойы кітапханада болған

Түнімен кітап оқыған оқушының туыстарына неге хабар бермегені әзірге түсініксіз.

Өскеменде жоғалып кетіп, бір күні бойы іздеуде болған 13 жастағы Артем Григорьев есімді жеткіншек аман-есен табылды деп жазады AltayNews.kz.

15 қаңтар күні таңертең Өскеменнің ЖМК ауданында 2005 жылы туған жасөспірімнің жоғалып кеткені хабарланған.

Жақындарының айтуынша, таңғы сағат 10.00 шамасында ол ЖМК (КШТ) ауданындағы емханаға кетіп, үйіне қайта оралмапты. Полиция оқушы балаға бірден іздеу жариялаған.

15 қаңтарда кешке таман Артем Григорьев табылған.

Жеткіншектің туысы Евгения Григорьеваның айтуынша, ол 14 қаңтардан бері кітапханада болыпты.