Жаз мезгілінде адам неліктен күйзеліске тез душар болады?
Күйзелістен құтылу жолдарын біле жүріңіз
- Жұмыс қабілеттілігінің төмендеуі
- Жиі қобалжу
- Мазасыздық
- Тәбеттің болмауы
- Салмақтың түсуі
- Тұйықталу
- Ұйқысыздық
- Ашушаңдық
Көпшілік адамның берекесін қашыратын – ауа температурасының тым көтеріліп кетуі. Бір күнге бірнеше жұмысын жоспарлаған адамдар шыжыған ыстықты сезгенде көңілдері құлазып, жұмысқа деген белсенділігі төмендейді. Осылайша, күн ұзағынан селқос жүрсе, жұмыстың бәрі түнде басталып аз ұйқтауға тура келеді. Күн тәртібінің өзгеруі, ұйқысыздық, жұмысқа деген салғырттық, көңіл-күйдің болмауы ақыр соңында күйзеліске әкеп соғады екен. Күйзелістің басты себептерінің бірі – сырт келбетке көңілдің толмауы. Күн ыстық кездері көбісінің қалың киінбейтіні сөзсіз. Ал, кейбірі шомылуға арналған киімнен немесе жеңіл, қысқа көйлектер киуден ыңғайсызданады. Мұндай адамдар өзгелерден ұят болар деген оймен де күйзеліске ұшырайды. Күйзелістен құтылудың жолдары Күйзелістен құтылу үшін әуелі ұйқыны ретке келтіру керек. Далада қапырық ыстық болса да, спортпен шұғылдануды тоқтатпаңыз. Жаттығу жасау - дене сергектігінің кепілі. Күйзелістен құтылу барысында мына кеңестерге жүгініңіз:
- Салқын, желдеткіштері бар орындарда жүруге тырысыңыз;
- Демалыс алып, саяхатқа шығыңыз;
- Жеміс-жидектер жеп, суды көбірек ішіңіз;
- Көңіл-күйіңізді әр түрлі тәсілдермен көтеріңіз;
- Психологтың көмегінен бас тартпаңыз;
- Тамақтануды, ұйқыны ретке келтіріңіз.