Айсәуле Бақытбек Францияға барып той көйлегін таңдады (фото)
Баян Мақсатқызының тұңғышы тойға қызу дайындалып жатқанын айтты.
Бүгінде танымал блогер, тележүргізуші атанып үлгерген Айсәуле Бақытбек өміріндегі айтулы күнге қызу дайындалып жатқанын айтып қалды. Ол тіпті той көйлегінің өзін махаббат мекені атанып кеткен Францияның Париж қаласына арнайы барып, таңдап алғанын айтты. "Ия, біз той көйлегін алу үшін Парижге арнайы ұшып келдік. Суреттегі көйлек тойда киетінім емес. Бірақ, бұлар да ұнап, көзіме түскен көйлектер",- деп жазды Айсәуле. Қызының қалыңдық көйлегін таңдап жүргені жайлы анасы да әзілдей отырып хабарлады. "Қызым кинода отырған жерімде он мәрте хабарласып, көйлек таңдасуға көмек сұрады. Фильм тамашалауға келгендердің әбден мазасын қашырған сияқтымын. Әрине ол суреттегі көйлекті алған жоқ. Ол таңдаған көйлекті сөзбен жеткізу мүмкін емес. Әлемдегі ең сұлу қалыңдық болары анық",- деп жазды Баян Мақсатқызы. Көпшілік осыдан кейін Айсәуленің көйлегіне байланысты түрлі пікірлер білдіре бастады. бірі жарасады десе, енді бірі алынбаған көйлектің жараспайтынын айтты. Ал тағы өзгелері тойдың қайда болатынын, оған Айсәуленің әкесі Бақытбек Есентаевтің өзі мен туыстарының қатысу- қатыспауын сұрап жатты.