Басты жаңалықтар

Онлайн тренингтің арқасында бір күнде бірнеше пәтердің ақысын табатын "ақылдылар" ұятқа қалды

Журналист: Сонда әлгі айтыскер әйел жоқ дегенде 40 миллион табыс тапты.

Бүгінде елге "бақытты әрі бай болып өмір сүрудің жолын көрсетемін" деп жарнамасын жандырып түрлі жиындар мен онлайн тренинг өткізетіндер қатары көбейіп кеткені рас. Көпшілік әлеуметтік, психологиялық дағдарыста жүргендіктен өздерін қиындықтан шығарудың жолы осы деп білсе керек, оларға имандай сенеді. Бүгінде оқыған, өзіне сенімді адамдар тренинг өткізетін азаматтардың жеке жағдайына тоқталып, олардың тұлғалық ерекшеліктеріне мән беру керектігін айтуда. Мысалы "Өзі өмірде жолы болмай қалған адам басқаларға қандай жол сілтейді. Сізге бақытты болуды айтып отырған адам расында бақытты ма әлде сіз сияқты аңқауларды жинап алып, ақысын алып, содан бақыт тауып жүр ме? Ол өзі кім?" деген сұрақтарға жауап тауып алу керек екен. Астана арнасының журналисі желідегі парақшасына айтыскер ақынның онлайн тренингі жайлы жазып, көпшілікті қайран қалдырды. Оның сөзінше Инстаграмда отырып бес күн екі сағаттан ақыл айтып, ол бірнеше пәтердің ақысын бір-ақ табады.    width= Ал көптеген адамдар бір күнін арнап, 20-50 мың теңге көлемінде ақысын төлеп, 6-7 сағаттап психологтардың кештеріне қатысып жатады. Бұл жерде 300-1000 адамдай жиналады. Расында тренинг өткізу жеңіл ақша табудың жолы екен. "Ел аузында" бағдарламасына осындай мәселе бойынша сұхбат берген танымал азаматтар тренинг өткізу алаяқтықпен тең дегенді растап отыр. "Мен мысалы өздері психолог емес, шетелдік екі автордың кітабын оқып алып, қазақтарға соны насихаттаумен айналысатын адамдардан қорқамын. Тренингке қатысты, ол деген психологиялық тұрғыдан көмекке мұқтаж адам. Оны қайда қарай бұрсаң солай жүріп кеткелі тұр. Біреудің тағдырын өзгертуге күш салу дегенге қарсымын. Қазір сондай тренинг өткізетін "ақылдылардың" көптігінен басым ауырып кетеді",-дейді әнші Гүлнұр Оразымбетова. "Бұл мәселені қазір басу мүмкін емес. Адамдар сол тренинг өткізетін жандарға қатты сенеді. Адамға адам ақылды сатпайды. Туысы, жақыны адамның басындағы мәселені шын жанашыры ғана түсінеді. Әр адам адаспаудың жолын іздесе екен",-дейді қоғам қайраткері Бекболат Тілеухан. "Соңғы кезде психологтар "отырған қыз қарап жатпай әрекетін істеуі керек" дейді. Мен оған қарсымын. жалпы тренинг дегенге бармаймын және барғым да келмейді. Күйзеліске түспейтін адам жоқ. Жаның қиналса сабырлы бол. мәселеден шығудың жолын діннен іздеу керек. Жігіт ол өзі келсін",-дейді әнші Дана Кентай.