Басты жаңалықтар

Ақтөбеде жолаушылар автобустағы екі сұғанақ келіншекті өздері ұстап алды (видео)

Олар бірден полиция шақырып, жүргізушіге көліктің есігін кілттетіп тастаған.

Жолаушылар қоғамдық көлікті аялдамада жарты сағат тоқтатып қойып ұрыларды жібермей қойған. Бұл келіншектер автобуста жолаушылардың қалтасын қағуға дәнігіп алған. Бұрын да бірнеше рет ұрлық үстінен түсіп, кейін жәбірленушілердің кешірімімен жазадан құтылған көрінеді. Бұл жолы автобустағы әйелдердің бірінің сөмкесіндегі әмиянын алып жатқанын жолаушылардың бірі көріп қалады. Сұғанақ келіншектер болса сол маңдағы аялдамадан түсіп қалуға әрекет етеді. Оларды жолаушылар жібермей, ақыры тәртіп сақшыларының қолына тапсырды. Қазір оларға қатысты қылмыстық іс қозғалған. ktk.kz сайтының материалдарын пайдалану Материалды мәтіннің бірінші немесе екінші сөйлемінде негізгі мәтін ретінде бір шрифтпен орналастырылуы тиіс материалға тікелей гиперсілтеме болған кезде рұқсат етіледі.