Басты жаңалықтар

Сара Амангелді немен ауырып, қандай ота жасатқанын айтты

Әнші:Тез сауығып кетуіме тілектес болған халыққа алғысым шексіз.

"Кешью" тобының экс-әншісі әрі бүгінде продюсер анасының жетектеуімен актриса атанып үлгерген Сара Амангелді "Ревью" бағдарламасында ел көп талқыға салған дерті туралы айтты. "Кішкентай кезімнен бір ауруым бар еді. Бірнәрсе болса ауырып қала берем. Суықтап қалсам, тәтті жеп қойсам асқынып кететін ауру ғой. Сондықтан да мамамның өзі "сенің қиналғаныңды көргім келмейді" деп айтқан болатын. Қиналып кеткен едім. Анама рахмет", - деді Сара Амангелді. Яғни әнші әрі актриса бойжеткен тамағына ота жасатқан. Әрі ол желі арқылы "жұлдыздардың" әдісі бойынша өзіне пиар жасап алды деуге болады. Себебі, тамақтағы қабыну (ангина) көпшілікте кездесетін әрі отасы жеңіл дертке жатады.

Жақында ғана туған күнін атап өткен бойжеткен ең бағалы сыйлық ретінде көлік алғанын да айтып қалды.