Басты жаңалықтар
Соққыға жығылған букмекерлік кеңсенің күзетшісі оқиғаның қалай болғанын айтты
- автор kyn.kz
- 23 қаңтар, 2019
- 205
Алматыда букмекерлік кеңседе күзетшіге шабуыл жасағандар сол жерге келіп-кетіп жүрген, іштегі жағдайды жақсы білетіндер болуы мүмкін. Оңбай таяқ жеп, миы шайқалған қарауыл бетперде киіп келгендер бәрін алдын-ала ойластырып, орталықтың қыр-сырын жаттағандар дейді.
Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы жазды.
Себебі, құйтырқы жоспарларын дәл кассир демалатын уақытта іске асырыпты. Тіпті, көмекке шақыратын пульттің де қайда тұратынын білген. Көкала қойдай сабалып, телефонын ұрлатқан күзетші оқиғаның қалай болғанны біздің тілшімізге өзі айтып берді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Оқиға қаңтардың 19-нан 20-сына қараған күні таңғы сағат 5-ке 5 минут қалғанда осы букмекерлік кеңседе болған. Қазір бізді қожайындары ішке кіргізбегенімен, сол күні үш белгісіз азамат беттеріне бетперде киіп осы есіктен ішке кірген. Қолдарында темір таяқтары болыпты.
Кіре сала күзетшіге тап берген. Оншақты рет соққылаған. Оның бесеуі бірдей басына тиіпті. Күні кеше желіге тарап, елдің қызу талқысына түскен видеода күзетшіні екі қаскөйдің оңдырмай қрып жатқаны анық көрінеді. Шабуыл аяқ астынан жасалғандықтан, қарауыл қорғана да алмаған.
Екеуі алма кезек ұрып, талдырып тастаймыз деп ойласа керек. Өйткені, аяусыз басынан соққылауда. Оларды фонтанша атқылаған қан да тоқтатпаған. Ақыры күзетші орындықпен қорғанып, тырп етпеуге сөз бердім дейді.
"Резко кіріп келді екі жігіт. Темір дубинкалармен успеть қылмадым реагировать. 03.14 Бір сөз айтпай сразу бастады ұру. Кейін бір минут өткен соң стульчикпен қорғандым. Тыныш жат деді орысша" – дейді жәбірленуші Қайрат Елтімбаев. Үшіншісі сол сәтте кассаға қарай жүгірген.
Ол жақта да қыздың шыңғырған дауысы естіледі. Сөйтсе, қаскөй оның көзінен теуіп, ақшаға ұмтылған. Аяқ-қолын скотчпен байлап, аузына да жабыстырыпты. Қайрат Елтімбаев шабуыл жасағандар құмар ойыншылар екеніне кәміл сенімді. Себебі, сағат 5 пен 6-ның ортасында кассирдің демалатынын біліп, бес минут ерте кірді дейді. Оның үстіне сенбі ақша тіккендер қатары көбейетін күн екен. Кассада 1 миллион теңгеден астам қаржы болғанын айтады.
«Күндізгі уақытта кірген ол адамдар. Хотя бы үшеуі емес, біреуі. Кім отыр кассада. Кім охранада отыр. Потому что видеода көрінген пульт іздеген пульт» - дейді жәбірленуші Қайрат Елтімбаев. Әшейінде таңға дейін отыратын ойыншылардың да ерте кеткеніне таңқалады күзетші. Қаскөйлердің жасы шамамен 23-пен 25-тің аралығында көрінеді. Дауыстары мен шапшаңдығынан аңғарыпты. Егер қолдарында темір болмағанда күшім жетіп-ақ тұр еді дейді. Оның үстіне, басын соққылай беріпті. Темірмен бес жері тілінген. Қолын сындырған. Миы шайқалған.
«Бас-миының жарақаты, бас миының шайқалуы, басының ашық жарақаты және оң алақанының саусағының шығуы. Ол кісі өз еркімен медициналық көмектен бас тартып кетті» - дейді травматолог Жасұлан Арғынбаев.
Күзетші кеңседе бір жарым жылдан бері істейді. Жалақысы 70 мың теңге екен. Енді 100 мың берсе де бармаймын деп отыр. Үйі де жоқ. Шіркеуді паналайды. Басшылығы ем-домына көмектесеміз депті. Ал, қалалық полиция департаменті бұл қылмысқа қатысты не істеп жатқандары жайлы жақ ашпады.
Күзетші кеңседе бір жарым жылдан бері істейді. Жалақысы 70 мың теңге екен. Енді 100 мың берсе де бармаймын деп отыр. Үйі де жоқ. Шіркеуді паналайды. Басшылығы ем-домына көмектесеміз депті. Ал, қалалық полиция департаменті бұл қылмысқа қатысты не істеп жатқандары жайлы жақ ашпады.