"Қалаулымға" келген кәріс жігіт Айя үшін қазақша үйреніп, Қазақстанда қалуға дайын екенін айтты
Қазақстандық бойжеткен Чуи мырзаға ұлттық тағамдарды таныстырып, салт-дәстүріміз жайлы ақпарат берді.
Еуразия арнасындағы "Қалаулым" бағдарламасында Айя есімді бойжеткенге үміткер ретінде кәріс жігіті Чуи мырза келді. Чуи Айядан бірнеше жас үлкен. Соған қарамастан қазақ қызы шетелден келген келген үміткерге мүмкіндік беріп, оны тексеріп көруге кірісті. "Мен кеше Чуи мырзаны ұлттық тағамдар әзірлейтін мейрамханаға алып бардым. барлық тамақ ұнады деген үміттемін. Тек құрттың тұздылығы мен қышқылдығына аздап ұнатпай қалған сияқты. Қазақтың асылған етінен дәм татты. Мен негізі өз елімнің адал азаматымын. Одан қалса біздердің жас айырмашылығымыз да біраз. Сондықтан қазірге үміткерім жайлы нақты ештеңе айта алмаймын",-деді жиырма жастағы қазақ қызы. Шетелден келген үміткер Айяның жас екеніне, отанын, туыстарын қимайтынына түсіністікпен қарайтынын айтты. "Мен Айя үшн қазақша үйреніп, осында тұруға да әзірмін. Әрине маған ұнап тұрған бойжеткен өте әдемі, жас. Студент болғанына қарамастан жұмыс істейді екен. барлығына түсіністікпен қараймын",деді кәріс жігіті. Ал залда отырған қазақ жігіттері намыстанып кетсе керек шетелден келген үміткерге қазақ қыздарын қимайтынын, қажет болса оларды қорғап жекпе-жекке шығуға әзір екенін ескертті. "Чуй мырза, қош келдіңіз. Бірінші күні қонақ деп сыйлады. Біз қазақтар таза қанды халықпыз. Жеті атадан жақын қыз алыспаймыз. Қонақты сыйлап, төрімізді ұсынамыз. Бірақ, қыздарымызды алып кетуге шешім қабылдап, арам пиғылдарын жүзеге асыруды ойлайтын шетелдіктермен жұдырықтасуға дейін бармыз",-деді бағдарламаға қатысушы.