Басты жаңалықтар

1 миллион тауып алып, иесін іздеген жігіт жұртты алдағанын ашық айтты (видео)

Закиров Рауан мұндай қадамға не себепті барғанын айтып, елді қайран қалдырды.

Бірнеше күн бұрын бүкіл елге жаңалықтар арқылы 1 миллион теңге тауып алғанын айтқан жігіт көпшілікті қайран қалдырды, деп жазды KYN.KZ. Рауан өзіне елдің назарын аударуды қалаған болуы да мүмкін. Ақша толы әмиянды бінеше арна мен ең танымал блогерлер арқылы халыққа көрсетіп, иесіне қояр шарттарын да айтқан еді. "Әмиянда ақшадан бөлек не болғанын, ақшаның нақто сомасын айтқан адамды иесі деп сенемін. егер ондай ақпаратты маған ешкім бере алмаса бұл ақшаны қайырымдылыққа аударам" деген еді. Осы сөздерінен кейін көпшілік Рауанның азаматтығына сүйсініп, алғыстарын жаудырған еді. Бүгін халыққа адал болып көрінгісі келген жігіт осы жайттың барлығын өзі ойдан құрастырып алғанын мойындап, көпшіліктен кешірім сұрады. "Мен не себепті бұлай жасағанымды да білмеймін. Ақша толы әмиян әпкемдікі. Бүкіл журналистерден, блогерлерден, Қазақстан халқынан кешірім сұраймын",-дейді ол төмендегі видеода.