Басты жаңалықтар
Жатақханада асылып қайтыс болған студентті біреу суицидке мәжбүрлеген болуы мүмкін
- автор kyn.kz
- 26 қаңтар, 2019
- 233
Марқұмның әкесі бірнеше жыл бұрын қайтыс болған. Ал анасы қызының өлімінен бейхабар, себебі өзі ауыр дертпен күресіп ауруханада жатыр екен.
Алматы облысында өз-өзіне қол салған студент қызды әлдекім суицид жасауға итермелеген болуы мүмкін. Оқиғаға қатысты полицейлер осындай бап бойынша қылмыстық іс қозғады, деп жазды КТК арнасы.
Есік қаласындағы Гуманитарлық экономикалық колледждің 3-ші курс студенті кеше таңға жуық жатақханада жіпке асылып өлген еді.
Есік қаласындағы Гуманитарлық экономикалық колледждің 3 курс студенті оқуда озат, курстастары арасында сыйлы болыпты. Болашағынан зор үміт күттірген қыздың не үшін суицид жасағанын ұстаздары түсінбей отыр.
"Қасындағы қыздар кешке жақын бәріміз тамақ ішіп, сабағымызды оқыдық деп отыр. Біраз сөйлескен әңгіме айтқан. Өзіне қол салуға негіз болмаған дейді",-деп баяндады Гуманитарлық экономикалық колледждің тәрбие ісі жөніндегі директорының орынбасары Гүлнәр Байтөкенова.
Марқұм қыз биыл оқуды бітіріп, бастауыш сынып мұғалімі атануы керек еді. Соңғы бірнеше ай бойы Есіктегі мектептердің бірінде тәжірибеден өтіп жүріпті. Үйі көрші ауданда болған соң, колледждің жатақханасында құрбыларымен бірге бір бөлмеде тұрған.
Мәліметтерге қарағанда студент қыз таңға жуық барлығы ұйықтап жатқанда өз-өзіне қол салған. Ол үшін киім ілетін жіпті алып, мына төртінші қабаттың балконында асылып қалған. Марқұмның денесін алғаш болып тәрбиешілер байқапты.
Оны өз-өзіне қол салуға біреулер итермелеуі мүмкін деген болжам бар. Қылмыстық іс қозғаған полицейлер осы жайтты да қарастырып жатыр.
Бірнеше жыл бұрын әкесінен айырылған марқұм бойжеткеннің науқас анасы бар. Қазір ауыр хәлде ауруханада жатқан ол қызының қазасы жайлы білмейді екен. Ал, Гүлден өзінің әлеуметтік желісіндегі соңғы жазбасында анасынан кешірім сұрапты.