Ақтау тұрғыны бірнеше жылдан бері туған қыздарын көршісімен бірге зорлап жүрген
Дәрігерлер үш қыздың асқан қатыгездікпен қорланғанын анықтады
Ақтауда көпбалалы ана үш қызының туған әкелері мен көршісінің бірнеше жылдан бері зорлық көріп келгенін айтты. Бұл туралы әйел Ақтау қаласы бойынша "Ақтау қайырымды жандар" клубының еріктілеріне айтып берген, деп жазды KYN.KZ ақпарат агенттігі. Негізінен клуб мүшелері бұл отбасына өрттен кейін далада қалғандықтан қандай да бір материалдық көмек ұсыну мақсатында барған. Алайда келіншек өздеріне материалдық емес психологиялық және заңдық тұрғыдан көмекке зәру болып отырғандарын түсіндірген. "Менің 14, 12,10 жастағы қыздарыма психологиялық көмек қажет.10 жастағы қызым бала күнінен мүгедек. Өзім 13 жасымда жетім қалып, мені анамның құрбысы асырап алды. Ол үйде 26 жастағы Мұрат есімді жігіт болды. Ол марқұм анамның құрбысының баласы. Ол мені алғашында зорлады. Содан 14 жасымда бірінші қызымды, 16 жасымда екінші қызымды сол Мұраттан босандым. Сол аралықта екеуіміз "ажырасып" мен басқа ер адамнан үшінші қызымды босандым. Араға уақыт салып басқа ер адамнан тапқан қызыммен Мұратқа қайта келдім. Келгеннен кейін ұлым дүниеге келді. Расында мен балаларымның тәрбиесіне көңіл бөлген емеспін. Өз бақытымды іздеп жүріп қалдым. Төрт жыл бұрын іздеген ер азаматымды жолықтырып, төрт баланы Мұратқа қалдырып кетіп қалдым. Балаларды көп іздеген емеспін. Тәрбиелері мен өмірлеріне онша араласпадым. Жақында төрт баланы да өз қамқорлығыма алдым. Міне сол кезде қыздарым туған әкелері мен өздерімен бір аулады пәтер жалдап тұратын 26 жастағы жігіттен осы күнге дейін бірнеше рет зорлық көргендерін айтты",- деген әйел еріктілерге. Иринаға балалармен бір көшеде тұрған көршілеріде оқиғаға "тұздық" боларлық фактілер айтқан. Бір көршісі "Тамақ алып барған кезімде Мұрат балаларды зорлау туралы видео көріп жатқан" деп айтқан. Одан қалса аш жүрген балаларды сол маңда тұратын адамдар аяп жиі тамақ алып барып беретін болған. Сол кезде әкесі тамақты өзі жеп, балаларға тек қалған-құтқанын беретін болған. Келінше белсенділермен бірге қыздарды медициналық тексеруден өткізуге де барған. Тексеру нәтижесі бойынша жасөспірімдердің зорланғаны анықталған. Дәрігердің берген анықтамасынан кейін әйел жергілікті полицияға шағым түсіріпті. Бірақ қазірге істі қарап, қандай да бір әрекеттер жасалынбай жатқан көрінеді. Дәрігерлер қыздармен сөйлесе келе олардың жай ғана зорланғанын анықтап қана қоймаған. Қыздар асқан азғындықпен қорлық көрген.