Садриддин Ахметов жеңісін қазақ халқының көз жасына арнады
Әлем чемпионы: Денистің өлімі, Геннадий ағамыздың жеңілісіне кеткен көз жастардың өтеуі болсын
Отандасымыз кеше Канаданың Монреаль қаласында өткен бокстағы кезекті жекпе-жегінде Мексика боксшысы Абрахам Хуаресті 4-ші раундта уақытынан бұрын жеңіп, WBC нұсқасы бойынша жастар арасында бірінші орта салмақта Әлем чемпионы атанды. Жеңісті 7-ші кездесуден соң спортшы өткен жылы халықтың қабырғасын қайыстырған оқиғаларды еске алып, үндеу жолдады. "Қазақстандық бокс сүйер, жанкүйерлер міне мына пояс 2018-де кеткен қазақ елінің көз жасына арналады. Денис бауырымыздың, Генадий Головкин ағамыздың аяқ-астынан жеңілгені бар. Қаншама қазақтың көз жасы төгілді, сондықтан 2018-гі қазақ елінің көз жасына арнаймын поясты",-дейді Садриддин Ахметов.