Жол апатынан қайтыс болған актриса жайлы құрбысы:Кинодағыдай артында жалғыз қызы қалды
Айман Нұразхан: Шолпан студент кезінен қайсар, маңдайы жарқыраған, бірден көзге түсетін ерекше қыз еді
Жақында ғана Алматыда ірі жол апаты кезінде қайтыс болған үш адамның бірі актриса Шолпан Елгезек жайлы студент кезден әңгімелері жарасқан құрбысы Айман Нұразхан жазды. Ол өнерде енді жарқырап жанып кележатқан актрисаның өмірі соңғы сомдаған рөліне ұқсап кеткеніне тоқталды.
Әрі актриса Шолпан Елгезектің студент кездегі ерекше қасиеттері жайлы айтып өтті, деп жазды KYN.KZ. "Шолпанның тағдыры... Омірдің озі кино деп айтамыз. Кез келген адамның тағдыры сан түрлі сынақтан болатыны анық. Әрине қайырымен келсе деп тілейміз. Алланың ісіне шара жоқ. Амал қанша. Бәріне де көнесің. Бұл жантүршігерлік оқиға ешкімді де бейжай қалдырмағаны анық. Тым болмағанда бұл "Таңғы бір елес, кинодағы рөлі болғанда ғой" деп те ойладым. Тақырыпты басу арқылы мына материалдыда оқи отырыңыз: http://kyn.kz/2019/01/31/әпшеме-жала-жабылды-әлімбекованың-сі/
Бірақ көрермен есінде соңғы сомдаған рөлі қалды. Менің көз алдымда мәңгілікке қазақтың қайсар, ақмаңдай жарқыраған Шолпигі болып мәңгі қалдың. Соңғы фильмдегі рөліне жан бітірген Шолпиктің шеберлігі шексіз. Жесір әйелдің бейнесін, тәкәппар әйелдің болмысын дәл ашып, кейіпкерін жан-жақты көрсете алды.
Шырылдаған ананың жүрегі арасында қазақы қалжың мен қызықты эпизодтарга шын көңілмен риясыз күліп аласың. Жылап тұрып күлдіретін оқиғалар қазақы болмысты анық көрсеткен. Фильм елді жер-жерге, әлеуметтік теңсіздікке бөлмеуге шақыратын өте мағыналы туынды болды.
Өкініштісі, Шолпиктің шарықтау шегі осы "Шабдалы" фильмімен шектелді. Адам мәңгі емес, бірақ кинодағы бейнесі мәңгілікке қалды. Кинодағыдай Шолпанның артында жалғыз қызы қалды. Алдағы өміріне Алланың көзі түзу болып, басына бақ берсе екен деп тілейікші",-деп жазды марқұм актрисаның студент кезден құрбысы болған Айман Нұразхан.