Басты жаңалықтар

Астаналық әйел ішігі мен тонын сақтау үшін 17 млн теңгеге мұздатқыш сатып алды

Ауқатты әйелге мұздатқыш-шкаф Италиядан жеткізілді.

Астаналық танымал дизайнер өзінің ауқатты сатыпалушысының құпиясын ашты. Әйелдің айтуынша "құрбысы" қымбат ішіктері мен тондарын сақтау үшін қаладағы зәулім үйінің бір бөлмесін мұздатқыш-шкафқа айналтырған, деп жазды КҮN.KZ. Әйел  ақшасына қарамай арманын орындау үшін жеке агенттіктердің бірінің көмегіне жүгінген. Ол тапсырыс берген кезде бір шкаф түріндегі жай мұздатқыш емес, бүтіндей бір бөлмені мұздатқыш-шкафқа айналтыруды сұраған. Бағалы әрі таза ішіктер мен тондарды әсіресе жаздың кезінде сақтау үшін өзінің арнайы ылғалды, қоңыр салқын температурада ұстайды. Ауқатты әйел тек шкаф емес, оны бағалы тастардан жасалған, қымбат материалдар жұмсалған түріне тапсырыс беріпті. Агенттіктің хабарландыруында 3-4 ішікті сақтауға болатын мұздатқыштың бағасы  5 мың еуро деп көрсетілген. Ал астаналық келіншек осындай 8 сөрені құрастырып, отыз шақты сырткиім сиятындай бөлме жасатқан. Есептей келгенде келіншек мұздатқыш бөлме үшін 40 мың еуро яғни 17 млн теңге төлеген.