"Баламның көлігін саттым. Зергерлік бұйымдарды өткіздім. Бірнеше несие алдым. Қателігін мойындап, тәубесіне келетін шығар деп күттім. Бірақ ол кінәсін мойындамады", - деді Бақыт Назарова.
Гауһар Әлімбекова қылмыстық кодекстің 190 бабы "Алаяқтық" бойынша жауапқа тартылды.
Тақырыпқа қатысты тағы бір материалды оқи отырыңыз:
Әпшеме жала жабылды: Әлімбекованың сіңлісі оқиғаның қалай болғанын айтты
Прокурор Дәурен Дүнбаев Әлімбаеваның жазасы толық дәлелденді деп мәлімдеді. Ол әншіні сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.
Сот Гауһар Әлімбекованы алты жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарып, орташа қауіпсіз мекемеде жазасын өтеуге кесті.