Басты жаңалықтар

Журналист әншілер мен халықты ақша жинап, Әлімбекованың қарызын құтылып беруге шақырды

Бибігүл Дәулетбекқызы: Сол 40 мың АҚШ долларды ел болып жұмылсақ жинай аламыз. Қу ақшаға бола 6 жыл абақты деген не масқара?

Танымал журналист мойына тағылған қарыз үшін алты жыл абақты жазасын  арқалаған Әлімбекованың қарызын төлеп берудің жолдарын іздей бастады. Бибігүл Дәулетбекқызы әншінің әріптестері мен оның өнерін бағалайтын азаматтарды күш біріктіріп, сол қаржыны жинап беруге шақырды,-деп жазды KYN.KZ.  "Қазағым-ау, неден соншама қатты болдыңдар?! Қазағымның аяулы қызы туралыны қазір естіп, есімнен танып қалғандай күй кешудемін.  Қу ақша үшін 6 жылды беріпті. Мен Гауһарды өмірде талай рет кездестірдім. Менің бағдарламаларыма келіп те жүр. Аузын ашса көмейі көрінетін әнші. Дәл мынадай қарызын білгенде сол 40 мың долларды ел болып жинап берер едік қой. Талай келіннің бетін ашқан, талай қызды "Ақ босаға" әнімен шығарып салған Гауһар Әлімбекованы осындай дәрежеге түсіріп, жарияға жар салып "алаяқ" деуге дәтім бармайды. Аңқылдаған әнші біреудің арбауына түсіп қалуы әбден мүмкін.  Сенбеймін, сенгім де келмейді. Арыз берушіге айтарым: соттатып отырғызғаныңызда жеріңіз кеңейіп қалды ма?! . Әншілер! Әріптестеріңе көмек қолын созыңыздар! Әрқайсыңыз бір тойыңыздың ақшасын берсеңіздер, кеміп қалмайсыздар",-деді журналист Бибігүл Дәулетбекқызы.