Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Әріптестері соттан Әлімбекованың ісін қайта қарауды талап етпекші

Әріптестері соттан Әлімбекованың ісін қайта қарауды талап етпекші
ашық дереккөз
Роза Әлқожа: Соттың қайта шақырылуын, айыппұлды  өтеуге мүмкіндік беруін өтінеміз
Әріптестері  Гауһар Әлімбекованы алаяқ деп таныған соттан істі қайта қарауды талап етпекші. Тіпті қарызын өтеп, сазгер әншіні алты жылдық абақты жазасынан құтқарып қалуға барлық мүмкіндікті пайдаланамыз деп отыр. Сот үкімі оқылғанымен әншінің апелляциялық шағым түсіруге мүмкіндігі бар. Қоғам белсенділері білікті заңгерлерді де іске тартуға бел буып отыр, деп жазды KYN.KZ. "Мына жаңалықты естіп не айтарымды, не істерімді білмей отырмын!.. Мақтаралдан шығып, күллі қазақтың жүрегінен орын алған әнші-сазгер әпкемізге неге мұндай жала жауып отыр? Өз басым оқушы кезімнен Гауһар әпкенің өнерін бағалап, жақсы көріп, табынып өскен жанмын. "Сағындым, әке" деген әнін, "Ақ келін","Келінге өсиет" деген шығармаларын әлі орындап жүрміз. Ешкімге қиянаты жоқ, тек шығармашылыққа өмірін арнаған жанға қалай осылай шешім шығара салған?! Өнер адамы ретінде, қазақтың ән қоржынына қосқан үлесі бар композитор ретінде кешірім, бір мүмкіндік болуы керек емес пе?!. Соттың қайта шақырылуын, айыппұлды  өтеуге мүмкіндік беруін сұраймыз!",-деп жазды әнші Роза Әлқожа.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Дубайда жүрсекте инста арқылы жайсыз xабарға көзіміз шалып, жүрегіміз алай-дүлей болып отырғанымыз.😔Өнер адамдарының ішінен ақиқатын жазған біреуі табылар деп парақшаларын ақтарып іздей бастадық. Нұрлан Албанның парақшасында көмек берейік деген постты оқып қуанып та қалдық. Нұрлан өзің бастаған екенсің бәріміз көмек қолын созайық. Негізі қатты араластығымыз да жоқ, көрген жерде сәлеміміз түзу, бірақ көрмегелі де 5-6 жыл болып та қалыпты. "Көп түкірсе көл болады" деген, ертең қай-қайсымыздың да алдымыздан не күтіп тұрғанын білмейміз. Нүрекең шот ашып парақшасына салса бәріміз қарап қалмайық. Өте ақ көңіл, жүрегі кең, ашық мінезді болатын, мүмкін бір қателік орын алып жатқан болар. Қолдан келсе, кір іздеп, мін тақпай сырттай жөн-жосықсыз әр түрлі әңгімені жазбай-ақ қояйық👌Онсызда xалықтың алдында жер болып отырғанында жерге тықпайық ағайын "Бәле аяқ асты" деген, бір шикілік бар сияқты. Жағдайы төмендерге, мүгедектерге Алла разылығы үшін деп көрсетпей беріп те жүрміз, сол себепті, оданша неге мұқтаж жандарға бермеске деп даурықпауларыңызды сұраймын. Гауxар еліміздің алдында жүрген, xалықтың қызы болғандықтан, қолымыздан келгенінше қарап қалмайық.Біздің де елдің намысы, өзге елге күлкі болмайық.✊

Публикация от Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар