Басты жаңалықтар
Заңгер Әлімбекованы қандай жағдайда абақты жазасынан аман алып қалуға болатынын айтты
- автор kyn.kz
- 31 қаңтар, 2019
- 1.1k
Орынбасар Тілепбергенов:Тура қазір сот әлде де жұмсақ үкім шығарған. Бұл жерде әнші мен қорғаушысы қателік жіберген.
Заңгер орынбасар Тілепбергенов әнші әрі композитор Гауһар Әлімбековаға соттың жұмсақтау үкім оқығанын айтты. Оның сөзінше тура осы бап бойынша сотталушы төраға қаласа он жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді.
Қайта мына жағдайда сот әншінің бұрын істі болмағанын, қоғамдағы беделін ескеріпті-мыс. Заңгер Орынбасар Тілепбергеннің сөзінше әнші мен оның қорғаушысы істі насырға шаптырмай, қос тарапты мәмілеге келтіру арқылы шешулері керек еді.
"Істі апелляцияға бергеннің өзінде Әлімбекованың құқықтық жағдайы өзгермейді. Өйткені соттың әрекетінде ешқандай өрескел қателік жоқ.
Ал екінші жағдайда, жәбірленуші келіп, "елісімге келдім" деп сотқа қайта шағым-арыз түсіретін болса Әлімбекованың жазасын жеңілдетуге мүмкіндік бар. Тіпті босап шығуы да ықтимал",- деді заңгер Орынбасар Тілепбергенов 31 арна тілшілеріне берген сұхбатында.