Басты жаңалықтар

Тоқаев еліміздің атауын "Қазақ республикасы" деп өзгертуге қарсы шықты

Өткен аптада мәжілісмендер еліміздің атауын өзгертуді ұсынған еді.

Сенат спикері Қазақстанды «Қазақ республикасы» деп өзгерту дұрыс еместігін мәлімдеді. Айта кету керек, өткен аптада мәжілісмен Азат Перуашев еліміздің атауын өзгертуді ұсынған еді. Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев бұл ұсынысты қолдамайтынын жеткізді. "Президентіміз Қазақстан Республикасының атынан көптеген халықаралық келісімдерге қол қойды. Сол үшін Қазақстан атауын өзгертудің еш қажеті жоқ. Біздің басқа да айналысатын шаруамыз көп",- деді Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев. Депутат Азат Перуашев Қазақстан Республикасын «Қазақ Республикасы» деп өзгерту жөнінде ұсынысын Үкіметке жолдаған еді. Ол өзінің ұсынысын келесі жылы Қазақ Автономиялық Республикасының құрылғанына 100 жыл толатынымен байланыстрды. Сөйтіп, ел атауын «Қазақ Республикасына» ауыстыру дұрыс деп есептейтінін білдірді.