Әлімбекованың қамауда отырып жазған хатын оқығандар еріксіз жылап жіберді
Әнші: Бірінші күні темір төсекте жатып, тор терезеге қарап анамның қайтқан күні екені есіме түсіп жыладым
Әнші әрі сазгер Гауһар Әлімбекова алғашқы сот үкімі оқыласалысымен қолына кісен салынып абақтыға жөнелтілген еді. Бүкіл Қазақ халқы түсінбей қалған жағдайға байланысты әншінің өзі туған сіңлісі рақылы хат жолдапты, деп жазды KYN.KZ сайты. Хатта әнші абақтыдағы бірінші күні мен өзіне тағылған айыппен мүлде келіспейтіні жайлы жазған. Назарларыңызға хаттың толық нұсқасын ұсынамыз: "Қалайсыңдар? Менде бәрі тамаша!!! Қайран Қазағым-ай, не боп кетті, түсінбей қалдым. Ешбір дәлел болмаса да, ең бастысы-ақшаны алған адам толық мойындап тұрса да, қалай бәрі астан-кестен боп кетті, мең-зең боп, жүрегім бір сәтте тоқтап қалғандай болды... Алаяқтық деген де-үлкен бір Өнер ғой, менің қолымнан ән шығарып, сол әнді жеткізгеннен басқа қолымнан ешнәрсе келмейді ғой, қайтем, маңдайға жазылғанды көріп жатырмын. Мүмкін Бақыт тәте мені темір торға отырғыздым деп, мәз боп бақытты боп жүрген шығар, мен оған жамандық тілемейм, Алла разылығы үшін кешірдім. Алланың осы бір сынақты бергеніне шүкір.
Тақырыпқа сай материал, оқи отырыңыз:
Гауһар Әлімбекованың ағасы оқиғаның жай-жапсарын тоық түсіндіріп берді
Ең маңыздысы-бұл шіркіндердің тұмшаланған темір тордың ішінде бас бостандығымнан айырғанмен, менің Аллаға деген сенімім мен халықтың маған деген-ыстық ықыласы мен менің халыққа деген үлкен махаббатымды тартып ала алмайды, себебі шығарып алған қолыма гипс салдыруға емханаға апарғанда,сол жердегі қыз-келіншектер мені танып қойып,құшақтап жылап,сабырлы бол-дегенде,түк түсінбей,бұлар қайдан біледі?-деп тұрып қалдым.Сөйтсем бәрі инстаграмм желісінен хабардар екен. Көзімнің жасы мөлт-мөлт етіп, "Бір тамшы көздің жасындай" болды. Қысқасы,мейлі,уайымдамаңыздар,бәрі жақсы,Алла нәсіп етсе-амандықпен кездесерміз!!! Айтқандай, кеше абыр-сабырмен ұмытып кетіппін,түнде осында келіп тар бөлмеге, тас төсекке кеп жатқанда көзім темір тормен қоршалған терезеге түсіп жатып-осы күні анам-марқұмның Жер-бесікке бөленген күні екені есіме түсіп, көз жасыма ерік бердім. Бір мезетте апамның алақаны мөлт-мөлт етіп аққан көз жасымды тоқтатып, маңдайымнан,шашымнан сипап,"Жасаған бере салғаным,сабырлы бол"-деп жұбатқандай болды. Әруағыңнан айналайын Ғазиз-Анам,Асқар Тау-Әкем, жатқан жерлерің жайлы, жандарың-жәннатта болсын!!!",-деп жазған әнші әрі сазгер Гауһар Әлімбекова. Оқи отырыңыз:
Құспанов: Гауһарды осындайда қолдап қорғамасам ерлігіме де, адвокаттығыма да сын
Заңгер Әлімбекованы қандай жағдайда абақты жазасынан аман алып қалуға болатынын айтты
Әлімбекованы сотқа берген құрбысы не себепті мұндай әрекетке барғанын түсіндірді
Әпшеме жала жабылды: Әлімбекованың сіңлісі оқиғаның қалай болғанын айтты
Гауһар Әлімбекованың адвокаты істің мән-жайын айтты
Әнші Бағлан ішіне кірген жыннан көрген қорлығы мен одан қалай құтылғанын айтты