Қазақстандық боксшысы Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы бесінші жеңісіне қол жеткізді.
Отандасымыз америкалық қарсыласы Стивен Мартинесті техникалық нокаутпен жеңді, деп хабарлайды vesti.kz.
Стивен Мартинес пен Жәнібек Әлімханұлы арасындағы кездесу Техас штатындағы Фриско қаласында өткен.
Негізі жекпе-жек 8 раундқа жоспарланған болатын. Алайда Жәнібек бесінші раундта шабуылын үдетіп, нәтижесінде Стивен Мартинестің бапкерлері -ақ орамалды тастап, шәкірті жеңілгенін мойындаған.
Осылайша, Жәнібек Әлімханұлы техникалық нокаутпен жеңіске жетті.