Басты жаңалықтар
Жанар Хамитова 20 рет өзіне қол жұмсап, шетелдік күйеуімен ажырасқаннан кейін көше тазалаған
- автор kyn.kz
- 16 сәуір, 2019
- 243
Жанар Хамитова: Кезінде хиджап киіп, Құдайдан сұрап алған екі ұлымды шетелдік күйеуіме тастап кеттім.
"Арнау" тобының экс-әншісі Жанар Хамитова сахнадан жоғалған ұзақ уақытта қайда болғанын айтып, жұртты шошытты, деп жазды Kyn.kz сайты "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасай отырып. Бойжеткен туыстары мен достарынан баз кешіп, қиналып жүрген кезде екі баласының әкесін жолықтырған. Кездескен күні екі сағаттың ішінде танысып, оған тұрмысқа шығуға келісімін де берген.
"Мен қиналып жүрген кезім еді. Ол кісіні мейрамханаға жай тамақтану үшін барған кезде жолықтырдым. Алғашында ол үйлену жайлы ұсынысын айтты, әзіл деп қабылдап мен де келісім бердім. Міне содан кейін 11 жыл бірге тұрдық. Бірге тұрып жүрген кезде ол маған әзілдеп "Бір күні біздер ажырасамыз" дейтін. Рас болды. Екі ұлымды күйеуіме қалдырдым. Балаларға әкесінің тәрбиесі қажет екенін түсініп, өзім бір сөмкемен шығып кеттім. Мен алғаш үйленген төрт жылда бала көтере алмадым. Сол кезде хиджап киіп, намаз оқыдым. Бірнеше ота жасатып, денсаулығым сыр бере бастады.
Сол кісі мені талай емдетіп, талай мәрте өмірімді сақтап қалды. Ол кісіге тура қазір еш өкпем жоқ. Ажырасқаннан кейін Түркияда көлік тұрағын спырдым. Мейрамханада ыдыс жуып, бала бағып, көршілерімнің үйін жинап ақша таптым. Қазір Алматыға оралып, шығармашылықты қолға алғым келеді",-дейді Жанар Хамитова.