Басты жаңалықтар
Нұртас Айдарбеков елді қонаққа шақырып, соңында өзі "қашып кетті"
- автор kyn.kz
- 17 маусым, 2018
- 1.9k
қала тұрғыны: Аға адресіңізді дұрыстап жазып, соңына дейін айтсаңызшы. Неге үндемей қалдыңыз?
Нұртас Айдарбеков желідегі парақшасында халықты Ораза айт мерекесімен құттықтай отырып, үйіне айттап қайтуға шақырады. Көпшілік бірден келісіп одан мекенжайы мен уақытын сұрай түседі. Осы кезде Айдарбеков үнсіз қалып, сөзді бұрмалай бастаған.
"Құрметті ағайын, отыз күн құлшылық еткен оразаларыңыз қабыл болып, отбасыларыңызға Алланың нұры жаусын дегім келеді. Енді айт қабыл болсын! Айттап келіңіздер!",-деп жазған еді ең танымал әншінің әкесі. naldiewna есімді желі қолданушысы "Нуреке айт кутты болсын ! Мекен жай айтпадыныз. Мен де туу Жезказганнан барар едым." дейді.
Тағы бір желі қолданушысы: "Қабыл болсын оразада тілеген дұға тілектеріңіз. Алла разы болсын. Айттап барсақ Гулеке ренжимейме ?" деп жатты.
Осындай әзіл сұрақтардан кейін Нұртас айдарбеков не мекенжайын жазбады, не "қонақ күте алмайтын болдық" деген жоқ.