Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жетісайлық үш қыз осылай таяқ жегендеріне туған аналарын кіналады

Жетісайлық үш қыз осылай таяқ жегендеріне туған аналарын кіналады
ашық дереккөз
Жеткіншек: Тура қазір біздің папаға жала жауылып отыр
Осыған дейін денелерінің сау тамтығы қалмай таяқа жығылып, дүйім жұрттың зәресін ұшырған үш қыздың оқиғасы басқаша өрби бастады. Бүгін облыс орталығында психикалық тексеруден өткізілген апалы-сіңлілі үш қыз басқаша сөйлей бастады, деп хабарлады 31 арна. Оқушы қыздар отбасындағы жағдайға байланысты өздерін арандатып жүрген адамдардың көбейіп кеткенін айтады. Әрі өздерінің осылай қорлануына тастап кеткен туған аналарын кінәлап отыр. Таңертең өткен психиатриялық сараптаманың қорытындысы қашан шығары белгісіз. Бұл туралы сарапшы мамандар да жақ ашпады. Комиссия тексеріске түсіру тобын қатыстырмады. Бұдан соң жеткіншектер таралып жатқан түрлі ақпаратқа қатысты сұхбат беруге сенімді өкілімен бірге келді. Айтуларынша, әлеуметтік желіде әкелеріне жала жабылып жатыр. Қыздар туған аналары таратқан ақпаратт жоққа шығарып отыр. Олардың сөзінше әкелері ешқашан өздеріне қол көтермеген әрі діншіл емес. "Ондай ешнәрсе болған жоқ. Неге туған анамыз бізді өзінің ұрғаны туралы айтпаған? Соған жыным келіп отыр. Диананы әкем өзінің қасына алып жатып, өзі қарап жүрді. Әкемнің ескерту жасайтыны болмаса, былайынша ұрыспайды, ұрмайды. Оны мұрнын қанатып ұрды деген мүлде шындыққа жанаспайды. Диана ол кезде мүлде кішкентай еді.  Біздің папаға жала жауып отыр", - дейді күні кеше үстіндегі көгерген іздерді өгей анасы салды деп сұхбат берген оқушы қыз.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар