Басты жаңалықтар

Қорланған үш қыздың туған анасы туралы жаңа мәліметтер шықты

Мейрамханада әжетхана жуып жүрген келіншек қыздарымен сөйлескен смс хаттарды көрсетіп, жұрттың жағасын ұстатты.

Жетісайда таяқталған үш қыздың оқиғасына байланысты жаңа деректер пайда болды. Шымкенттік заңгер Айгүл Орынбек қыздардың туған анасы Жұлдыздың жұмыс берушісінен мінездеме алып, әйелдің қыздарымен сөйлескен хаттарды көрсетті, деп жазды KYN.KZ.  width= "Қыздардың туған анасы өз шындығын айтты. Әкесі сәләфи ағымына кіріп, күнде ұрып соғып отырғанында жеткізді. Қыздарды тастамайтын едім, "ол мені мәжбүрледі, үйден қашуыма итермеледі"- деп жылап отыр. Әркімнің өз шындығы бар! Мен ешкімді ақтамаймын! Мен тек қыздарды мына қатыгез жауыздардан оқшаулау керек екенін түсіндім. Мемлекет өз бақылауына алып, қыздарды бейімдеу,оңалту орталығына жатқызу керек. Қыздармен пед психологтардан бөлек, психиатрлар жұмыс жасау керек! Маған үш қыздың қауіпсіздігі керек. Бұл өмірде ақшадан да құнды дүние бар екенін түсіну керек. Ол балалардың тыныш өмірі!",- деп жазған заңгер. Артынша  заңгер қыздардың туған анасымен алмасқан смс хабарламалардың суретін жүктеді.Ол жерде қыздар туған әкелерінің өгей шешелерін де қысымда ұстайтынын жазған. Әрі аналарын болашақта бірге боламыз деп жұбатқан. Хаттағы сөздерге қарағанда қыздардың анасы оларға қажетті заттарды сатып алып беріп жүрген.