Ысқақова ұлын тастап кеткен келінін өз отбасына құл болмады деп айыптады
Әнші: Күйеуімнің артынан жүгірген емеспін, оның соңынан не деп жүгіріп жүреді екенмін?
Танымал әнші Жеңіс Ысқақова ұлымен ажырасып кеткен келініне өкпелі. Әншінің сөзінше өзі жұмыстарымен басқа қалаға кеткен кезде келіні бар затын жинап, төркініне тайып тұрған, деп жазды KYN.KZ сайты "Ревью" бағдарламасына сілтеме жасай отырып.
Отбасылық одақтың алғашқы жылында-ақ төркініне "тайып тұрған" Карина жұлдызды енесі келер деп көп күткен көрінеді. Алайда Жеңіс Ысқақованың өз айтары бар.
"Мен не жүгіруім керек пе артынан? Мен күйеуімнің де артынан жүгірген адам емеспін", - дейді әнші.
Естеріңізге сала кетейік, Жеңіс Ысқақованың 2017 жылы шаңырақ көтерген ұлы мен келіні әнші Астанада жүргенде екі жаққа кеткен.
"Мен келін алдым деп, тізгінімді бердім. Шақырылған жұмыспен Астанаға кеттім. Бірақ тізгінді де, шаңырақты да алып жүре алмады. Ол қыз болғысы келді. Мен Астанадан келгенше, қайтадан үйіне кетіп қалыпты. Әңгіменің шыны сол!
Келіп алып, қыз болғысы келетін келіндер бар. Ол түсіну керек, сен келдің бе, сен келінсің! Менің айтатыным "Сен күйеуіңнің, балаңның, жалпы шаңырақтың құлысың".
Сен күйеуіңнің жағдайын жасауың керек. Тамағының тоқтығы былай тұрсын, оның көңіл-күйі, балаңның, жалпы шаңырақтың көңіл-күйі әйелдің қолында", - деген еді әнші бір сұхбатында.