Азамат Сатыбалды актриса келіншегі, отбасымен жертөледе тұрған кездері жайлы айтты
Актер: Назгүл мен үшін сахнаны тастауға мәжбүр болды
Азамат Сатыбалды әйелінің өзі үшін мұндай қадамға барғанын жоғары бағалап, үнемі алғысын айтып отырады екен. Себебі ол өз әйелінің талантты актриса екеніне сенімді. Актер отбасы мәселесін келіншегіне тапсыруға мәжбүр болғанын айтады.
"Назгүл тұрмыстық тіршіліктің бел ортасында. Әйел адам болғаннан кейін, оның жүгі ауыр.
Ол жалпы өнерде маған жолын берген адам. Біз екеуміз де қатар шаппаймыз, өйткені отбасы деген бар. Ермен қатарласып, жармасып жүрген дұрыс емес деп ойладым.
Солай шешім қабылдап, Назгүл саналы түрде өзінің жолын маған берді де, өзі тыста қалды. Отбасымен айналысады" , - деді Сатыбалды.
Оған қоса, бүгінде Мүсірепов тетарының директоры болған ол жарымен екі қалада қалай тұрып жатқаны жөнінде сыр шертті.
"Мен көбінесе отбасыма, оның ішінде жарыма көп жарнама жасамаймын. Мен үшін ол талантты актриса емес, мен үшін ол жар.
Әйел адам отбасының ұйытқысы болу керек, отбасына қарау керек. Әрине бір белгілі уақыттар болады. Мен Назгүлді театрдан алшақтатқаннан кейін мен оның сүйікті ісімен айналыссын деп шештім.
Ол Астанада тұрғанымен, мен өмір-бақи Астанада емеспін. Қазір Алматыда бірге тұрамыз. Жұмыс бабы бойынша барып тұрады. Сұлтан екеуміз де барамыз.
Басында екеуміз жатақханада бірге тұрдық. Подвалда бірге тұрдық. Театрда бірге қонып жүрдік. Оны біздің әріптестер бәрі біледі. Біздің қалай Назгүл екеуміздің арпалысып, жанталасып әйтеуір аяққа нық тұрғанымызды.
Енді сол қиын кезден бірге шыққанда, сол кезде бір-бірірмізге сенген кезде, қазір жағдайымызды жасап дұрыстаған кезде