Отағасы Мұхтар жұмыссыз, ІІ топ мүгедегі. Күйеуі мүмкіндігі шектеулі, көпбалалы ана Ұлдықыз Мырзакент кентіндегі "Абылайхан" жалпы орта мектебінде еден жуушы болып еңбек етеді.
Олардың кәмелет жасқа толмаған бес перзенті бар.
Жақында ғана құрылған "Мақтаарал баспана" қоры арқылы баспанаға мұқтаж отбасыны кәсіпкер Жұмабаев Орынбасар Қаппарұлы Рамазан айының алғашқы күні қуантты.
Ол мұндай игілікті шараның алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті."Бұл бастама тек басы ғана. Біз бүгінде аудан әкімінен бастап барлық ауылдық округтердің
әкімдерінен жер учаскелерін сұрап жатырмыз. Егер беріліп жатса біз үй салып беруге дайынбыз" - деді Мақтаарал аудандық сотының төрағасы, "Мақтаарал баспана" қорының белсендісі Құнанбай Мұсаев.