Журналист Сәуле Әбединова желіде көбейіп кеткен "психологтардың" кеңесін сынап тастады
Сәуле: Адам позитивті де негативті де көреді. "Қайғыдағы адамнан қаш" деген дұрыс емес!
Танымал журналист Сәуле Әбединова қазір әйелдерге ақыл айтып, өздерінен психолог жасап алған пысық әйелдердің кеңесін сынады. Журналисттің сөзінше әр адамның өз психологиясы бар, бақытты болу үшін қоғамды, қайғыда жүрген мен қуанышта өмір сүріп жатқан адамды ешқашан бөліп жаруға болмайды. "Бір құрбым: "Сен Ақжүністе жүргенде тек негатив адамдарды тыңдадың, солармен бірге қиналып, солардың тағдырына күйзелдің... солардың негатив энергетикасы саған ауысып кеткен, солардың өмірі сенің өміріңе айналып кеткен..." деді... Жалпы, соңғы кездері психологтар және психолог еместер түгел "негатив адамдардан бойыңды аулақ сал.... негатив жағдайлардан бойыңды аулақ сал.... негатив негативке тартылады.... позитив адамдармен жақын бол, өзің де позитив бол.... негативтен негатив жұғады... позитивтен позитив жұғады...." деп халыққа лекция оқитын болған.... Бірақ солардың көбі бір кездері өздері де негатив өмірді бастан кешкендерін, өздері де негатив болғандарын, қап-қап негатив арқалағандарын, құдай кезіктірген бір позитив адамдардың шапағатымен, себебімен өмірлері позитивке айналғандарын ұмытып кеткен. Мен өте позитивпін негізі... бірақ позитивке ғана тартылмаймын, негативте жүргендерге де аз-маз позитив беруге талпынамын. Жиренше атамыз ескі жыртық шапанын "негатив" кезін ұмытпау үшін іліп қоймаушы ма еді?!..)) мен де сол сияқтымын - "мен енді позитивпін, тек позитивтер ғана маған лайық" демеймін...)) Мендегі негатив - перфекционисткамын, барлық нәрсе супер-пупер болуы керек деп ойлайтындықтан шығар... Позитив пен негатив... Ақ пен Қара сияқты ғой.... ешкімнен жұқпайды, тепе-теңдік үшін алмасып кеп отырады... тек екеуін де көтере біл...",-деді Сәуле Әбединова