Басты жаңалықтар

Алматы облысында имам үш баланың анасын төсекке сүйреп, өзіне қол салуға мәжбүрлеген

Марқұмның күйеуі: Президенттен, бас прокурордан имамды жазалауды сұраймын

Алматы облысына қарасты  Ескелді ауданындағы  Қайнарлы ауылында адам айтса нанғысыз жағдай болды. Сәуір айының 26-сы күні үш баланың анасы Нұрғиза Азатханқызы өз ауылдасы әрі орталық мешіттің бас имамы Қадір  Әмбиеұлынан көрген қорлығының кесірінен өзіне қол салып қайтыс болған.

Бұл туралы марқұмның заңды некедегі күйеуі Есхат Әйнебекұлы нақтылап оқиғаның қалай болғанын баяндап берді.

Оның сөзінше ауыл молдасы оның әйеліне ессіз ғашық болып, оны бірнеше уақыттан бері бопсалап келген. Ақыр аяғында шыдамы таусылған келіншек арының тапталғанын айтып, өлімге бел буғанын да алдын ала аудио жазба арқылы қалдырыпты.