Марқұм үш баланың анасын сүйіп қалған молда оқиғаның жай-жапсарын түсіндірді (видео)
Ауыл мешітінің бас имамы келіншекке қатты ғашық болғанын мойындап отыр
Алматы облысында ауыл молдасы арын таптаған үш баланың анасы қайтыс болып кетті. Бұлай дейтініміз марқұм келіншектің өзі асылып өлмес бұрын имамның кесірінен осындай әрекетке барғалы жатқанын аудио жазбаға жазған, деп жазды KYN.KZ сайты. Имам қазірдің өзінде ол келіншекке қатты ғашық болып қалғанын мойындап отыр. Ал марқұм әйел өзін мазалап жүрген молда жайлы күйеуіне де талай айтқан. Үш баланың әкесі тіпті бұған дейін имамды ұрып, әйелінен аулақ жүруді талап еткен. Бір қызығы келіншектің заңды күйеуі мен мешіт имамы кезінде дос болыпты. Бірге жүріп, мешіттегі талай жұмысты бірге істепті. Осы оқиға жайлы толық материал төмендегі сюжетте.