Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Болмановтың мектеп бітірген тұңғышы кәсіпкерлікті қолға алды

Болмановтың мектеп бітірген тұңғышы кәсіпкерлікті қолға алды
ашық дереккөз
Әнші ұлының жаңа бастамасы туралы ашық айтып берді
Отандық танымал әншінің баласы осы жылы мектепті үздік оқушылар қатарында аяқтаған болатын. Жұлдызды ата-ата Қыдырәлі мен Қарақат балаларының алға қойған жоспарлары туралы, сахнадағы бәсекелестік туралы KYN.KZ тілшісіне сұхбат берді.  width= Қыдырәлі мен Қарақат жас түлекті алдымен Қазақстанда, кейін шетелде оқитынын айтты. Білуімізше өнерлі отбасының ұлдары жан-жақсы болып шықты, бұрын футболмен айналысқан болса, бүгінде бокс шебері. «Менің ұлым өте жан-жақты, спортпен де айналысады, енді мен оны бизнес саласына қарай бағыттап жатырмын. Оған өз болашағын мамандығын таңдауға толықтай еркіндік бердік», - деді әнші. Сонымен қатар әншілерден шығармашылықтағы өзгерістер туралы, ағылшынша ән жазуға көзқарасы туралы сұрадық. Қыдырәлі ағылшынша ән айтуды қос қолдап қолдамаса да, қарсы еместігін жеткізді. Айтуынша, шетелше ән айтпас бұрын өз өнеріміздің, өз тіліміздің шыңырау шегіне жетіп, үздік дәрежеге көтеру керек. Әнші қазіргі шоу-бизнестегі бәсекелестік туралы да сөз қозғады. «Бәсекелестік барлық уақытта болады, ол жақсы. Біз сахнада жұп ретінде шығып махаббатымызды жырлаған алғашқы әншлерміз. Дегенмен бәсекелес ретінде ешкімді айта алмаймыз, себебі өмір алма-кезек. Бірде сен жақсы ән шығарып, бейнебаян түсірсең, кейде басқалар шығып жатады», - деді. Қыдырәлі бүгінде желіде тараған түрлі алып-қашпа әңгімелер мен жағымсыз пікірлерге көзқарасымен бөлісті. «Біздің оларды оқуға да уақымыз жоқ, керуен көшеді, ит үреді демекші, біз оларға көп мән бермейміз. Адамдардың бәріне жағу мүмкін емес, әрине», - деп сөзін аяқтады.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар