Басты жаңалықтар

Жанар Хамитова: Кезінде Нұржан мені лақтырып кетті

Құрбысы: Мен бұлардың талай төбелесіне куә болдым, айтып қоғаныма ренжімес екеуі де

Қаңғыбастың күйін кешіп, енді ғана жұлдызы қайта жана бастаған Жанар Хамитова  Астарлы Ақиқат бағдарламасында жүрегінде қалған жараның бәрін жайып салды, деп жазды КYN.KZ. Бір ай бұрын басындағы жағдайды дүйім жұртқа жайып салған Жанардың жағдайы қазір айтарлықтай өзгерген. Белгілі әнші Сиви Махмудидің қамқорлығына кірген әнші жаңа әндер жаздырып, шығармашылығын жаңартып үлгерген. Әрі Қазақстан қалаларын аралап концерт беруге де кірісіп кеткен. "Жақында Ақтөбе қаласында болдық. Халықтың ықыласы зор. Риза болып қалды, біз де қуанышты қайттық. Көптеген продюсерлер маған  "Сиви, не үшін Жанарға ақша салып жатсың?" дейді. Менің айтарым. Мен Жанарды күйзеліс кезеңінен Алла разылығы үшін құтқарғым келеді. Өзім де кезінде психологтардан көмек алғанмын. Депрессияның не екенін білемін. Алдағы уақытта не болатыны белгісіз. Жанар лақтырып кетеді дейтіндер көп. Лақтырса лақтырсын. Мен сондай бір пайда көздеп отырған жоқпын. Үйде жалғыз қыз болғандықтан, сіңлім немесе әпкемнің болғанын қатты қалайтынмын. Шүкір, қазір Жанармен сондай жақынбыз",- дейді Жанардың продюсері Сиви Махмуди. Ал өз кезегінде Жанар шығармашылыққа толық кірісіп, жаңа әндер жазып, жаңа пәтерге көшіп алғанына дән риза. "Ия өмірім өзгерді. Көзіме жас алған себебім үш күн ұйықтамадым. Көңіл-  күйдің адамымын. Содан да болар көзімнен жасым шығып, жылап жібердім. Сондықтан көз жасымнан қандай да бір астар іздемеңіздер.",- деді Жанар Хамитова. Хамитова алғаш бағдарламаға қатысқан сәттен бері халықты оның Нұржан Керменбаевпен өткен өмірі қызықтырады. Бағдарлама қатысушысы "Нұржан Керменбаев пен Жанар Хамитованың өз ара ұрысып тіпті бір- біріне қол көтерген сәттері де болғанын айтып қалды. Осы кезде Жанар Хамитова артынан қалмай қойған осы сұрақты қайта болдырмас үшін ақиқатты айтуға мәжбүр болып тұрғанын тілге тиек етті. "Айтпауыма қоймадыңыздар. Неге елге осы мәселе қызық болып қалды? Нұржан мені лақтырып кетті бір сөзбен айтқанда. Енді қайтып осы сұрақ алдымнан шықпаса екен деймін",-  деп қысқа жауап берді әнші. Дерек көзі: "Астарлы ақиқат" бағдарламасы.