Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ерлан Көкеев "Рахат-лукумның" экс-әншісі мәлімдеген ақиқатқа жауап берді

Ерлан Көкеев  "Рахат-лукумның" экс-әншісі мәлімдеген ақиқатқа жауап берді
ашық дереккөз
Влада Белая Көкеев өздерін түңгі клубта ер азаматтардың көңілін аулауға мәжбүрлегені жайлы айтқан еді
«Біздің орнымызға басқа біреулер ән айтты, ал біз тек уақытында ауыз ашып, билеп тұрдық». Отандық «Рахат-Лукумның» экс-солисі Влада Белая топтары туралы бар шындықты айтып, тыңдармандарын таңдай қақтырды. Одан бөлек продюсері Ерлан Көкеевтің басқа да былығын жайып салған. Оған дейін де басқа топ мүшелері наразылығын білдіргісі келіпті, тек қорыққан көрінеді, деп жазды KYN.KZ Еуразия арнасындағы Басты жаңалықтарға сілтеме жасай отырып. Шоу бизнесте тағы шу шықты. Бұл жолы жаңадан құрылған "Рахат Лукум" тобының құрамында болған әнші – Влада Белая іштегі кикілжіңді жайып салды. Оның сөзінше, жас қыздарды продюсер өзінің түнгі клубында үш-төртке дейін ән айтуға, ер азаматтардың көңілін көтеріп, қонақтардың тартуға мәжбүрлеген. «Мен бұл топқа “Miss Astana - 2018” байқауынан кейін бірден қабылдандым. Тіпті, «Cен ән айта аласың ба?» деп ешкім сұрамады. Шынымды айтайын, керемет дауысым да жоқ. Танымалдылық пен қомақты қаржы уәде еткен соң, келістім. Бірақ, топтың жұмысын көргенде жаға ұстадым. Біз үшін басқа біреулер ән айтады екен, ал біз тек уақытында аузымызды ашып, билеуіміз керек. Сондай-ақ, топта болған кезде бір ғана сахналық көйлекпен жүрдік. Ал продюсеріміз өзінің дәмханасында түнгі үш-төртке дейін ән айтуға мәжбүрлейтін. Бұл тек бер жағы ғана»,– дейді экс– әнші Влада Белая. Осылайша, продюсеріне ренішін жеткізген әнші не тұлғалық, не мансаптық даму болмаған соң, бәрін қорықпай айтуға бел буыпты. Алайда, мұны естіген Ерлан Көкеев, өзіне жала жабылғанын жеткізіп, жоғарыда айтылғанның ешқайсымен келіспеймін, дейді. Тіпті, Влада Белаяның топ мүшесі болмағанын, жай ғана сынақта жүрген әнші екенін жеткізді. "Біз Владамен к елісім-шартты да жасаспадық. Ол тек кастингке келіп, сынақ мерзімінен өткен. Бірнеше рет фотоға түсті, бір-екі рет ән айтты. Болды, осымен біздің жұмысымыз бітті. Өзін жұлдыз сезініп кеткен бе, түсінбедім?!" ,–  дейді "Рахат– лукум" тобының продюсері Ералан Көкеев. Влада Белаямен бір сахнада жүргін бойжеткендер әріптесінің бұл қылығын түсінбегінін айтады. Тіпті, оның сөйтіп жазуына, группаға кіре алмай қалғаны себеп болған ба деп топшылайды. Сондықтан, жазылғанның бәрі шындыққа сай келмейді, дейді олар. "Негізі біз бұл жазбаны оқып, көңіліміз түсті деп айта алмаймыз да, керісінше қуанып қалдық. Өйткені, бұл біз үшін өте жақсы жарнама. Ол үшін де пиар-ход. Қазірде онымен әлі араласамыз. Айтпақшы, ол бізден постты жазбай тұрып, ренжімейсіндер ме деп сұрады. Ал біз оған: бұл сенің өз шешімін дедік",–  дейді топтың қазіргі әншісі Карина Юсупова. Жалпы «Рахат-Лукум» жанжалдың ортасында жүрген алғашқы герлз-бенд емес. Бұған дейін де бірнеше отандық топтағы жайсыз жағдайлар әшкереленген еді. Қалай десек те, қоғамда «бастысы әншінің таланты емес, сыртқы түр-келбеті» деген ой қалыптасқан. Оны сарапшылар да растап отыр. Өйткені сахна ол, біріншіден, сұлулықты қажет етеді дейді олар. Қалғаны кейін. Содан болса керек, шоу-бизнестің мұндай стериотипін жоймайынша, жоғарыда айтылған оқиғалардың қайталанбасына кепіл жоқ гж нқ ернар
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар