Жанар: Нұржан абыройымды төкті, көп ақшаға лақтырды, сол күні көшеде түнедім
Әнші Жанар Хамитова Нұржан Керменбаевтың өзіне жасаған опасыздықтарын жайып салды
Жанар Хамитова "Астарлы ақиқат" бағдарламасында Нұржан Керменбаевтан 17 жыл бұрын көрген қорлығы жайлы жайып салды, деп жазды KYN.KZ. "Нұржан екеуіміздің қарым-қатынасымыз жайлы сұрақтар ізімнен қалмады. Ақыры айтып, нүктесін қоюым керек сияқты. Біріншіден, ол мені көлемді сомадағы қаржыға лақтырды. Ол кезде ол өте көп ақша еді. Екіншіден абыройымнан айырды. Үшіншіден ол ата- анасымен мені әке- шешемнің алдында абыройымды төкті. Сол күні түнімді подъезде өткіздім. Сонда ұйықтадым. Таң атысымен клипке түстім. Міне осындай ауыр жағдайлар орын алды. Керегі осы ма еді?. Сол кездегі ақша да бәрі садақа. Ешқандай сотқа да бермеймін. Ештеңе істемеймін. Ол сол қылығы үшін өз жазасын алды. Мен де өз жазамды алдым",-деді әнші.