Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Баланың есте сақтау қабілетін жақсартатын жаттығулар

Баланың есте сақтау қабілетін жақсартатын жаттығулар
ашық дереккөз
Бұл жаттығуларды 3-10 жастағы балаларға қолданған дұрыс
Балаңыздың есте сақтау қабілетін арттыруға арналған қарапайым,үй жағдайында орындауға арналған бірнеше жаттығулар. 3 -10 жастағы балалармен жаттыққан жақсы. 1.Күнделікті балаңыз бала – бақшадан немесе мектептен келгенде күнінің қалай өткенін, не істегенін сұраңыз. Бұл жаттығу есте сақтау қабілетін арттыруға көмегі зор. Баяндай отырып баланың әрі есте сақтау қабілеті жақсарады, бір жағынан сөздік қоры артып, әңгіме құрайды. 2.Баланың кішкентай күнінен ұйқыға жатар алдында жеңіл 4 жолды тақпақ немес, қысқа ,тез есте қалатын ертегі айтып беріңіз. Жаттауға жеңіл тақпақтарды бірге жаттап көріңіздер. 3. Балаңызға сөздер тізбегін айтып, сосын есте сақтағандарын қайталауын сұраңыз. Белгілі бір топқа бөліп айтсаңызда болады. Мысалы: жемістер: алма,алмұрт,ананас,банан,мандарин,өрік,киви,ананас; көкөністер: картоп,орамжапырақ,пияз,бұрыш,сәбіз.баклажан,қызылша.т.б. 4. Көру арқылы есте сақтау қабілетін жақсарту үшін үстелге 6-7 шақты заттарды немесе картинкаларды қойып, балаға көріп алу үшін 10 секунд уақыт беріп, 1 немесе 2 затты алып қойып, «жоғалған» затты табуды сұрайсыз. 5. Баланың зейінінде жақсартатын жаттығу. Дүкендерде сатылатын балаларға арналған «айырмашылығын тап» сияқты ойындар ойнатыңыз. 6. Бірге мультфильм, ертегі көріп көрсетілген оқиғаларды қайталап айтып көріңіздер. Жақсы кейіпкер мен жаман кейіпкерді талдаңыздар. Олардың киімдерін, әдеттерін, қылықтарын, сөздерін қайталап өздеріңіз салып көріңіздер. Әрі балаға қызықты болады. Әрі ойын түрінде балаға жақсы мен жаманды айыра білуге көмектесесіз. 7. Түстері қанық суреттерге қарап отырып қысқа әңгіме құраңыздар. Бұл жаттығуларды үнемі қайталап, араға уақыт салып баламен бірге оқиғаны, мультфильмді, ертегіні еске түсіріп әңгімелесіп тұрсаңыздар нәтиже жақсы болады.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Менің аппақ гүліме лайк😍😍😍. 💥 Баланың міндетті түрде өздігінен орындайтын жұмыстары болуы қажет. Сіз тек осы жұмыстардың орындалуын қадағалауыңыз керек. 💥 Мейлі, қаншалықты тиянақты әрі жылдам орындасаңызда, балаға жүктелген жұмыстарды өзіңіз орындауға тырыспаңыз. 💥 Балаңызды тыңдауды үйреніңіз.Шыдамды болыңыз, балаңыздың сөзін бөліп, оның ойын өзіңіз аяқтауға тырыспаңыз және баланы асықтырмаңыз. 💥Балаңызға өз көзқарасыңызды тықпаламаңыз. Өзіңіздің нұсқаңыздың дұрыс екенін дәлелдермен түсіндіріңіз. 💥Баланың кез-келген қалауын орындауға асықпаңыз. 💥Балаға өзінің іс әрекетін түсіндіруді үйретіңіз. Яғни бала ең алдымен ойланып содан соң ғана шешім қабылдауды үйрену керек. Ең жақсысы өзі сенімсіздік танытқан мәселелерде ата-анасымен кеңесуге болатынын білуі қажет. 💥 Баланы қоршаған әлемді танып білуге дағдылаңыз. 💥 Баланың жан-жақты дамуына қолайлы қауіпсіз жағдай жасаңыз. 💥Баланы тым еркелетпеңіз. Онымен өзіңізбен тең дәрежедегі адам ретінде сөйлесіңіз. Есіңізде болсын, сіздің сөйлеген сөзіңізді, іс әрекетіңізді балаңыз қайталайды. 💥 Балаға өз бетінше жеке басының тазалығын қадағалауды және де әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін түсіндіріңіз. 💥 Жақсы іс әрекеті үшін сөзбен немесе сыйлықпен мадақтап көтермелеңіз. 💥. Бала кішкентайынан бастап ата-анасын, үлкендерді, жақындарын сыйлау керектігін білу тиіс. 💥. Ешқашанда баланың икемсіздігін күлкіге айналдырып және де қорқыныштарына күлмеңіз. Қайта керсінше баланың қорқыныштарын бірге шешіп сенімді қарым-қатынас орнатыңыз. 💥Қаншалықты уақытыңыз аз болсада балаңыздың жан-жақты дамуына көңіл бөліңіз. Есіңізде болсын балаңыз сіздің ең басты байлығыңыз💓💓#қазақшалогопед#балапсихологиясы#балатіліндамыту#

Публикация от Manat Orazalykyzy (@logoped.kst)

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар