Басты жаңалықтар

Баланың есте сақтау қабілетін жақсартатын жаттығулар

Бұл жаттығуларды 3-10 жастағы балаларға қолданған дұрыс

Балаңыздың есте сақтау қабілетін арттыруға арналған қарапайым,үй жағдайында орындауға арналған бірнеше жаттығулар. 3 -10 жастағы балалармен жаттыққан жақсы. 1.Күнделікті балаңыз бала – бақшадан немесе мектептен келгенде күнінің қалай өткенін, не істегенін сұраңыз. Бұл жаттығу есте сақтау қабілетін арттыруға көмегі зор. Баяндай отырып баланың әрі есте сақтау қабілеті жақсарады, бір жағынан сөздік қоры артып, әңгіме құрайды. 2.Баланың кішкентай күнінен ұйқыға жатар алдында жеңіл 4 жолды тақпақ немес, қысқа ,тез есте қалатын ертегі айтып беріңіз. Жаттауға жеңіл тақпақтарды бірге жаттап көріңіздер. 3. Балаңызға сөздер тізбегін айтып, сосын есте сақтағандарын қайталауын сұраңыз. Белгілі бір топқа бөліп айтсаңызда болады. Мысалы: жемістер: алма,алмұрт,ананас,банан,мандарин,өрік,киви,ананас; көкөністер: картоп,орамжапырақ,пияз,бұрыш,сәбіз.баклажан,қызылша.т.б. 4. Көру арқылы есте сақтау қабілетін жақсарту үшін үстелге 6-7 шақты заттарды немесе картинкаларды қойып, балаға көріп алу үшін 10 секунд уақыт беріп, 1 немесе 2 затты алып қойып, «жоғалған» затты табуды сұрайсыз. 5. Баланың зейінінде жақсартатын жаттығу. Дүкендерде сатылатын балаларға арналған «айырмашылығын тап» сияқты ойындар ойнатыңыз. 6. Бірге мультфильм, ертегі көріп көрсетілген оқиғаларды қайталап айтып көріңіздер. Жақсы кейіпкер мен жаман кейіпкерді талдаңыздар. Олардың киімдерін, әдеттерін, қылықтарын, сөздерін қайталап өздеріңіз салып көріңіздер. Әрі балаға қызықты болады. Әрі ойын түрінде балаға жақсы мен жаманды айыра білуге көмектесесіз. 7. Түстері қанық суреттерге қарап отырып қысқа әңгіме құраңыздар. Бұл жаттығуларды үнемі қайталап, араға уақыт салып баламен бірге оқиғаны, мультфильмді, ертегіні еске түсіріп әңгімелесіп тұрсаңыздар нәтиже жақсы болады.