25 мамыр 16:00-де Қарағандыдағы орталық демалыс паркінде желдің қатты соғуынан батут аударылды. Соның салдарынан 11-жастағы бала қайтыс болып, екі бала ауруханаға түсті.
Қатты жел салдарынан батут аспанға көтеріп, кассаның жанындағы темір кабинаға құлады. Алған жарақаттан мектеп оқушысы қаза тапты.
"Қылмыстық кодекстің 306 бабының 3 тармағы "қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін қызметтерді ұсыну" бойынша қылмыстық іс қозғалды",- деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция басқармасының баспасөз қызметі.